Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Негізгі капиталға инвестициялар
Дамыған қаржы секторы – ауданның экономикалық өсуі мен дамуының кепілі болып табылады. 2021 жылы аудан кәсіпорындары негізгі капиталға 153,8 млрд.теңге немесе 126,2% инвестициялады. (өткен жылдың ұқсас кезеңі 117 млрд. теңге).
Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 179,8 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді немесе 99,4% (өткен жылдың ұқсас кезеңі 171,1 млрд.теңге).
Тауар айналымының жалпы көлемі 2,9 трлн.тг (өткен жылдың ұқсас кезеңі 2,7 трлн.теңге), бөлшек тауар айналымы 740,5 млрд. теңгені құрады немесе 103% (өткен жылдың ұқсас кезеңі– 667,5 млрд.тг.), көтерме сауда айналымы 2,2 трлн. теңге немесе 101,5% (өткен жылдың ұқсас кезеңі – 2 трлн.тг.)
2021 жылы белгіленген 4100 жоспардан 4190 жұмыс орны құрылды, орындалуы 102,2% құрады.
"Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 27,3 млрд.теңгеге 472 жоба қатысады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасымен 147 млн.теңгеге 9 жоба қаржыландырылды.
Базарлар
Аудан аумағында барлығы 6 базар орналасқан:
- 3 базар қайта жаңғыртылған (Тастақ, Жұлдыз, Кәрім);
- 1 базарда қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізуде, "Барыс-IV" базары (қайта жаңғыртуды аяқтау мерзімі - 2022 жылдың соңы);
- 2 базар 2022 жылы қайта жаңғыртуды бастауды жоспарлауда (Тұлпар, Береке).
2021 жылы заманауи стандарттар мен тұрғындардың қажеттіліктеріне жоғары деңгейде сәйкес келетін 16 коммерциялық нысан ашылыды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында апта сайын Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі Масанчи көшесінде (Әйтеке би және Гоголь көшелерінің арасында) ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Алматы облысының (Қарасай ауданы) 90-нан астам шаруа қожалығы қатысуда. Өткен кезеңде жәрмеңкедегі бағалар тұрақты болды, орташа нарықтық бағадан 10% -ға төмен.
2021 жылы 41 жәрмеңке өткізілді, барлық өнімнің тауар айналымы - 414,5 млн.теңгені құрады.