Әлеуметтік сала бөлімінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Жұмысқа орналастыру
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында: 4074 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 113 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына 122 адам; қоғамдық жұмыстарға 876 адам; жастар тәжірибесіне 145 адам жіберілді; тұрақты жұмыс орындарына 2818 адам жұмысқа орналастырылды, 1438 жұмыссыз адам тіркелді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік жасау
Алмалы ауданы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 561-і құжаттандырылған, 440-ы бейімделген. Оның ішінде 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 50 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны құжаттандырылды және бейімделді. 509 жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Әлеуметтік жобалар
«Бақытты отбасы» орталығы 10 мыңнан астам қызмет көрсетті, 93 адам бизнес ашуға 200 АЕК көлемінде мемлекеттік гранттар алды. Бұдан басқа, 2 көпбалалы ана "Қолдау" кәсіпкерлік орталығы арқылы 3 000 000 теңге және 4 000 000 теңге сомасына мемлекеттік грант алды.
Әлеуметтік қолдау шаралары
АӘК 276 отбасына (1236 адам) тағайындалды және төленді, оның ішінде 93 көп балалы отбасылар.
2021 жылы 2350 отбасы заттай көмек және 1955 отбасы азық-түлік жиынтығын алды.
«Ел тірегі - Елбасы»акциясы аясында наурыз-шілде айлары аралығында 318 аз қамтылған және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Халық»қорынан азық-түлік жиынтығы берілді.
PURAMID тренажер залдары желісімен ынтымақтастық жолға қойылды, бассейнге 150 бала және түрлі спорт үйірмелеріне (футбол, бокс, күрес, шахмат) 232 бала жіберілді, 16 балаға дельфинарийге бару ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау жүйесінде барлығы 20 қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 11 қалалық және республикалық медициналық ұйымдар.
Сонымен қатар, ауданда 287 жеке меншік медициналық мекеме және 80 дәріхана жұмыс істейді.
БХТ деректері бойынша 428 306 адам 19 медициналық ұйымға (ПМСМ мемлекеттік тапсырысын орындайтын 6 мемлекеттік емхана және 13 жеке медициналық мекеме) тіркелген
Ауру деңгейінің динамикасы: жүрек –қан тамырлары аурулары – 10004 адам (2020 ж. – 14 230 адам), А гепатиті-0 адам (2020 ж. - 6 адам.), 6 ЖИТС (СПИД) жағдайы тіркелді (2020 ж. – 6 адам), ана өлімі жағдайы -6 (2020 ж. - 0), туберкулез-41 адам (2020 ж. – 38 адам), онкологиялық аурулармен 267 адам (2020 ж. - 329 адам).