Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Білім беру
Ауданда жалпы орта білім беру жүйесінде 42 мекеме, оның ішінде 29 мемлекеттік және 13 жекеменшік мектеп.
2020-2021 оқу жылында оқушылардың жалпы контингенті – 36258 баланы құрады, оның ішінде: мемлекеттік мектептерде – 33169 бала, жеке мектептерде – 3089 бала оқиды.
Алмалы ауданының 152 оқушысы қалалық олимпиаданың, 8 оқушысы Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Олимпиада қорытындысы бойынша №№ 15, 95, 144, 90, 54, 24, 39 мектептер үздік мектептер деп танылды.
Оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында № 34 мектебіне жанама құрылыс салынуда.
Ағымдағы жылы № 144 мектебіне жанама құрылыс аяқталды, И.В. Панфилов атындағы № 54 мектеп ғимараты сейсмикалық нығайтумен қатар күрделі жөндеуден өтті, № 128 және № 95 мектептердегі спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар №34, 144, 90, 167 жалпы білім беретін мектептердің спорт алаңдарын жаңарту, № 15 мектеп ғимаратының сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін ЖСҚ әзірленді.
Сондай-ақ, аудан аумағында жалпы контингенті 7200 бала болатын 27 мемлекеттік және 23 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істейді.
2021 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 12 ұйым жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы № 16 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда № 7 бөбекжай-балабақша ғимаратына сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілуде.
Мәдениет нысандары
Ауданда 44 мәдени-демалыс нысандары орналасқан (4 кинотеатр, 7 кітапхана, 10 мұражай, 1 концерт залы, 7 театр, 6 музыкалық мектеп, 1 балалар шығармашылық үйі, 1 домбыра орталығы, 5 галерея, 1 жазушылар одағы, 1 суретшілер одағы).
Мәдени мұраны сақтау мақсатында ауданда Алматы қаласының мәдениет басқармасымен бірлесіп 50 тарихи және мәдени ескерткіштің тиісті жағдайын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы 13 монументалды ескерткішке жарықтандыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту мақсатында аудан тұрғындарымен мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақтар өткізілді.
Спорт
Алматы қаласында тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға белсенді тарту бойынша «Спорттық Алматы – 2021» ауқымды спорттық бағдарлама іске асырылуда, оның басты міндеттері: Бұқаралық спортты дамыту және халықтың салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы аудан тұрғындарының саны 32,8% құрады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданда 17 мыңнан астам адамның қатысуымен іс-шаралар өткізілді.
Сондай-ақ, 2021 жылы аудан бойынша 1282 топта 94 мектеп жанындағы және 76 жеке спорт секциялары ұйымдастырылды.