Көріктендіру бөлімінің 2021 жылғы есебі

Көріктендіру бөлімінің 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі

Ауданның санитариялық тазалығы

Күнделікті «Алматы тазалық» МКК мердігерлік мекемесінің күшімен ұзындығы 173,3 км. құрайтын 110 көше, 219,4 км. тротуарлар және 219 км. арық жүйелері тазартылды.    

"Тәртіп"АҚ күшімен күнделікті 1465 дана контейнер орнатылған 271 қоқыс алаңдарын жинау жұмыстары жүргізілді. 7 жаңа контейнер алаңы құрылысы, 11 контейнер алаңдарын жөндеу және 250 контейнерлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Фирма ЛЭУ» ЖШС мердігер мекеменің күшімен 22 саябақ, 1 бақ, 5 бульвар, 19 жасыл аймақ жалпы алаңы 90 ГА құрайтын жерді күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жайлы ортаны дамыту

Жайлы қалалық ортаны дамыту аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

1) Мұқанов және Бөгенбай батыр көшелері қиылысындағы аллеяға 100-ден астам ағаш отырғызылды;

2) Төле би және Айманов көшелері қиылысында 44 ағаш отырғызылды.

3) Есентай өзенінің арнасы тазартылды.

Арық желілерін қайта жаңғырту.

Ауданның арық желілерінің жалпы ұзындығы-219 км.

Арық желілерін қайта құрудың 33,9 км. ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Көшелерді орташа жөндеу

Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20,2 км. 13 мекенжай бойынша көшелерге орташа жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ, "Есік жолдары" ЖШС мердігерлік ұйымымен Райымбек даңғылымен Розыбакиев көщесінің қиылысындағы көлік айрығын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаяу жүргінші жолағының орташа жөнделуі.

Жаяу жүргінші жолағының орташа жөндеу шеңберінде 5 км тротуарларды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді (оның ішінде 2,6 км. қайта жаңғырту және 2,4 км. жаңа құрылыс);

Бағдаршам нысандарын салу

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасымен 13 бағдаршам нысанын салу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Санитарлық кесу, ағаштарды құлату және көгалдандыру

2021 жылы жасыл желектерді күтіп ұстау шеңберінде санитарлық кесу-5700 дана, қалыптап кесу-2 440 дана, апатты ағаштарды құлату - 300 дана, 5 026 дана ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Жарықтандыру

Ішкі аулалар мен көшелердің жарығы құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алуда аса маңызды роль атқарады. Ауданымызда 17 693 көше жарық нүктелері бар.

84 жарықтандырылмаған учаскелерде 391 жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жартылай сыртқы жарықтандырумен жарықтандырылмаған 25 аула аумақтарды және 10 жартылай жарықтандырылған учаскелерді жарықтандыру үшін ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Бюджетке қатысу

Аудан тұрғындарының қалауы бойынша "Бюджетке қатысу" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 70 жобаның 66-сы іске асырылды, 4 жоба бойынша қаржы қаражаты қала бюджетіне қайтарылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүргізілген жұмыстар:

2021 жылы ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 16 балалар және 10 спорт алаңын салды.

 

Көріктендіру бөлімінің 2021 жылғы есебі
Дата публикации
04 апреля 2022