Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы бойынша түсіндірме жазба

2021-2022 жылдарға арналған «Халықтық қатысу бюджеті»  жобасы бойынша 2021 жылғы 21 қазаннан бастап 09 қарашаны қоса алғанда, жіберілген жобалар үшін дауыс беру өтті.

Сараптамалық кеңестің жұмыс органы 10.11.2021 жылғы интернет-ресурстың деректері негізінде дауыс беру нәтижелерін сараптамалық кеңестің қарауына шығарды.

Сараптамалық кеңес дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, жобалық ұсыныстарды іске асырудың бірінші кезектілігін айқындады. Сараптамалық кеңестің хаттамалық шешімі интернет-ресурста орналастырылған.

Материалдарды қарау бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылды.

Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде кезектілік тәртібімен бюджеттік өтінімдер қалыптастырылады және іске асыру (бюджет қаражатын бөлу) үшін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жіберіледі.

Анықтама: Алмалы ауданы бойынша 2,8 млрд.теңге сомасына жобаларды іске асыруға барлығы 152 өтінім берілді.

Дауыс беруге 2,1 млрд.теңге сомасына 107 жоба жіберілді.

Іске асыруға 0,8 млрд. теңге сомасына 34 жоба жіберілді.

 

Қаржы-

Шаруашылық бөлімінің басшысы                                 Г. Узакова

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған «Халықтық қатысу бюджеті» жобасы бойынша түсіндірме жазба
Дата публикации
24 марта 2022