Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектеп, 20 колледж және училищелер; А. Жұбанов атындағы музыка мектебі және К. Ахметов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты орналасқан.
2021 жылдың 12 айында Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы 24 отырыс өткізді, оның ішінде жоспар бойынша - 10, түскен материалдар бойынша - 30.
Комиссияның қарауына ішкі істер органдарынан 25, білім беру мекемелерінен 5 іс материалдары келіп түсті. Қаралған материалдардың жалпы саны – 30, оның ішінде комиссияның шешімі бойынша:
- 7 іс материал ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберу бойынша қаралды. Сот шешімімен 7 ата-анаға айыппұл салынды;
- 11 іс материал Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын түсіндіру мақсатында жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға қатысты қаралды. Аудандық ювеналды полиция бөлімі 13 ата-анамен жеке профилактикалық жұмыс жүргізді;
- 1 ата-ананың ата-ана құқықтарынан айыру бойынша қаралды және Алмалы ауданының аудандық қорғаншылық және қамқоршылық органы Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап арыз жіберді;
- 1 кәмелетке толмаған балаға қатысты арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру туралы қаралды. Аудандық ювеналды полиция бөлімі «Алматы қаласының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына» орналастыру үшін Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз жолдады;
- 1 кәмелетке толмаған балаға қатысты оқуды жалғастыру үшін өмірде қиын жағдайға тап болған балалар мекемесіне орналастыру туралы қаралды;
- 3 кәмелетке толмаған балаға қатысты одан әрі тұру және күтіп-бағу үшін тұрғылықты жерді айқындау туралы қаралды;
- 2 кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсетілді.