Алмалы ауданы әкімінің аппараты бойынша 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша ақпарат

2021 жылдың 2 және 21 қыркүйегіндегі № 4-31-Т тапсырмаға сәйкес Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы 2015 жылдың 01 сәуірінен 2020 жылдың 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңге жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Жүргізілген аудит барысында жалпы сомасы 710138,6 мың теңге бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  1. Қаржылық бұзушылық сомасы 591811,7 мың теңге, оның қайтаруға жататыны:

- бухгалтерлік есеп бойынша  -486586,6 мың теңге;

- жұмыстармен/қызметтер бойынша қалпына келтіру -90724,6 мың теңге:

- бюджетке өндіріп алу 14500,5 мың теңге.

  1. Бюджетті тиімсіз жоспарлау – 44746,4 мың теңге.
  2. Активтер мен бюджет қаражатын тиімсіз қолдану   – 70520,8 мың теңге.
  3. Аудан әкімі аппаратының бюджеттік өтінімді әзірлеу және ұсыну кезіндегі түсініктеме жазбасында бюджеттік бағдарламаның мақсаты, жоспарланған соңғы нәтижелері көрсетілмеген;

Жүргізілген аудиттің қортындысы бойынша әкімшілік өндірістік іс қозғалып, айыппұл төленді, мердігерлердің жұмысты қалпына келтіруі және шығын сомасын өндіруі жөнінде сотқа шағым түсірілді, сонымен қатар, жоғарыда аталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау жөніндегі қабылданған іс-шаралар туралы тексеру комиссиясына хат жолданды.

 

Алмалы ауданы әкімінің аппараты бойынша 2021 жылдың ағымдағы кезеңінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша ақпарат
Дата публикации
23 февраля 2022