Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функция Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ережесінде көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету болып табылады.
Аталған Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппараты орналасқан ғимараттың кіребірісінде, аудан әкімінің ресми сайтында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, оның функционалдық міндеттері және қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған (қабылдау күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін).
Есептік кезеңде 40 мемлекеттік қызметші мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 29 мемлекеттік қызметкерге және 11 жеке тұлғаға кеңес берілді. Қабылдауда болған азаматтар заң аясында тиісті жауаптарын алды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасыны Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларына сәйкес, ағымдағы жылы – 10 (А. Макей, М. Бердиев, Е. Бейсенбаев, Ж. Керімов, М. Қайназарова, Н. Жанаева, Ж. Бұзауқызы, Г. Кужахметова, Г. Бақтияров) мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
Оның ішінде, қызметтік жазбалар негізінде – 4, мемлекеттік бақылау және қадағалау функциялары жүктелген мемлекеттік органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстары негізінде – 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызметтік жазба негізінде 2 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынды.
Сондай-ақ, азаматтардың өтініші бойынша теріс тәртіптік қылық жасау фактісімен 6 (Г. Бақтияров, М. Бердиев, Р. Айтанов, Н. Божеев, А. Скендир, А. Мустафа) мемлекеттік қызметшіге қызметтік тексеру жүргізіліп, бірыңғай тәртіптік комиссияның ұсынысымен 1 (М. Бердиев) мемлекеттік қызметшінің теріс тәртіптіқ қылық жасау фактісі анықталып, тәртіптік жаза қолданылды. Қалған 5 мемлекеттік қызметшінің теріс тәртіптіқ қылық жасау фактісі анықталмады.
Талдау көрсеткендей, негізінде мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиісінше қарамағаны немесе лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Аппараттың мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ.
Осындай бұзушылықтардың алдын алу аппаратта еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі және жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылатындығы туралы ескертілді.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант беру мәтіні, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларымен танысу парақтары, шектеулер, жауапты лауазымды атқаратын адамдар алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тапсыру бойынша жадынама тігілген.
Аппаратта қызметке тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілер анықталмады.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жүйелі түрде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Аппараттың сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, азаматтар аппарат қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы хабарласатын сенім телефоны (261-66-54) «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған.
Мемлекет басшынының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, кеңес беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Алмалы ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимараттың бірінші қабатында кіреберісте «Ашық Алмалы» қоғамдық қабылдау кеңсесі ашылып, жұмыс істеуде. Күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін барлық жеке және заңды тұлғалар қолайлы жағдайда кеңестер алып, қажет жағдайда өтініштерін қалдырады.
Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, әдеп номаларын бұзбау, жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында 4 жиналыс және 8 дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, аппарат қызметкерлеріне және бюджетті қалыптастыруға қатысатын қызметкерлерге олардың жауапкершілігі мен заң нормаларын түсіндіру мақсатында айына бір рет құқықтық оқулар өткізіледі, 2021 жылы айында 12 құқықтық оқу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алу бойынша шаралар қабылданып, жеке қабылдаулар өткізіледі.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында анонимдік сауалнама жүргізіледі. Жыл басына бұндай сауалнамалар 2 рет өткізілді.
Сауалнамаға барлық қызметкерлер қатысып, нәтижесінде аппараттағы жағдайдың қалыпты деңгейде екендігі анықталды.
Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының сайтына аппарат қызметкерлерінің Әдеп нормаларын сақтау және жұмыс тиімділігінің денгейін анықтау мақсатында онлайн сауалнама орналастырылды. Сауалнама нәтижесі:
- күнделікті жағдайларда, Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын сақтамау фактілерімен қаншалықты жиі кездесесіз: кездескен жоқпын – 67%, жиі – 22 %, - кейбір кездерде – 11%;
- мемлекеттік қызметшілердің әдептілік мәдениетін арттыру үшін: әдепті бұзған қызметшілерге қатаң тәртіптік жаза қолдану қажет – 56%, әдепті мемлекеттік қызметшілерді барынша ынталандыру қажет – 44%;
- мемлекеттік органда әдеп нормаларын сақтау жөнінде қабылданған шаралар: тиімді, мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен өзінің әріптестері арасындағы қарым-қатынаста үнемі сыпайлық пен әдептілік танытады – 56%, тиімділігі төмен, мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен әріптестері арасындағы қарым-қатынаста сыпайлық пен әдептілік нормаларын сақтамайды – 44%. (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/survey/481?lang=ru).
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнай есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің базасынан аппарат қызметкерлерін әкімшілік құқық бұзушылықтар бар-жоқтығы бойынша 2 рет талдама жүргізілді. Жүргізілген талдама бойынша жол жүру ережесін бұзған аппарат қызметкерлерімен алдағы уақытта бұндай құқық бұзушылықтар жол бермеу және салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді.
23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен аппарат қызметкерлерінің барлығына «Апорт» ойын-сауық орталығында орналасқан аквапарк «Гавайи және Майамиге» 2 адамға арналған сертификат берілді.
Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында қызметтік міндеттерін орындауда ерекшеленген 12 аппарат қызметкері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында аппарат қызметкерлеріне апта сайын жұма сәрсенбі күндері кешкі уақытта футбол, волейбол ойындары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен аппарат қызметкерлерінің барлығына «Сегіз көл» демалыс аймағына 2 күнге арналған сертификат берілді, Жаңа жыл мерекесіне орай аппарат қызметкерлерінің отбасыларына арналған сыйлықтар мен «Магнум» дүкендер сауда желісінің сыйлық сертификаттары таратылды.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттер бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдармен, өзара іс-қимыл және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен тығыз байланыста кеңестер алып, жұмыс жүргіземіз.
Алмалы ауданы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі К. Әбілқақова