Алмалы ауданы бойынша 2021 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектеп, 20 колледж және А. Жұбанов атындағы музыка мектебі,  К. Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты орналасқан.

Комиссияның жұмысы бойынша:

2021 жылдың 9 айында Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия - 18 отырыс өткізді, оның ішінде жоспар бойынша - 8, келіп түскен материалдар бойынша – 10.

Комиссия отырысына келіп түскен істер бойынша ішкі істер органдарынан – 21 іс-құжаттар, білім беру мекемелерінен - 4 іс-құжаттар келіп түсті және қаралды. Қаралған іс-құжатттардың жалпы саны – 25. Оның ішінде комиссия отырысының шешімімен:

- 6 іс-құжат ата-аналарды өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін сотқа жіберілді, сот шешімімен 6 ата-анаға айыппұл салынды;

- 10 іс-құжат Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің, «Қазақстан Республикасының Баланың құқықтары туралы» Заңның және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын түсіндіру мақсатында жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға қатысты  қаралды. Аудандық ювеналды полиция бөлімі 10 ата-анамен жеке профилактикалық жұмыс жүргізді;

- 1 ата-анаға қатысты ата-ана құқықтарынан айыру бойынша қаралды және Алмалы ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органы Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап арыз жіберді. Қазіргі уақытта сот қарауында;

- 1 кәмелетке толмаған балаға қатысты арнаулы білім беру ұйымдарына орналастыру туралы қаралды. Аудандық ювеналды полиция бөлімі «Алматы қаласының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына» орналастыру үшін Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап арыз жолдады. Қазіргі уақытта сот қарауында;

- 1 кәмелетке толмаған балаға қатысты өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мекемесіне оқуын жалғастыру үшін орналастыру туралы қаралды;

- 3 кәмелетке толмаған балаға қатысты одан әрі тұру және күтіп-бағу үшін тұрғылықты жерін айқындау туралы қаралды;

- 2 кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсетілді.

Алмалы ауданы бойынша 2021 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Дата публикации
11 ноября 2021