«Бюджетке қатысу – 2021» жобасы бойынша 2020 жылғы 11 қарашадан бастап 23 қарашаны қоса алғанда, жіберілген жобалар үшін дауыс беру өтті.
Сараптамалық кеңестің жұмыс органы 24.11.2020 жылғы интернет-ресурстың деректері негізінде дауыс беру нәтижелерін сараптамалық кеңестің қарауына шығарды.
Сараптамалық кеңес дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, жобалық ұсыныстарды іске асырудың бірінші кезектілігін айқындады. Сараптамалық кеңестің хаттамалық шешімі интернет-ресурста орналастырылған.
Материалдарды қарау бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылды.
Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде кезектілік тәртібімен бюджеттік өтінімдер қалыптастырылады және іске асыру (бюджет қаражатын бөлу) үшін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жіберіледі.
Анықтама: Алмалы ауданы бойынша 2,9 млрд.теңге сомасына жобаларды іске асыруға барлығы 190 өтінім берілді.
Дауыс беруге 1,3 млрд.теңге сомасына 123 жоба жіберілді.
Іске асыруға 0,8 млрд.теңге сомасында 70 жоба жіберілді.
Қаржы-шаруашылық
бөлімінің басшысы Г.Узакова