№ 01-1-21/5493-вн от 20.10.2021
денсаулық сақтау министрлігі
БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ |
Министерство здравоохранения Республики Казахстан
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ |
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
2021жылғы 20 қазандағы№ 4720 октября 2021 года № 47
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармақшасына, 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«37) түнгі клубтар.»;
«13) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері:
Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуіне жол беріледі.
Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;»;
«15. «Ashyq» әкімшісінің құқығы бар адам «қызыл» және «сары» мәртебесі бар келушілер бойынша есепті күнделікті жүктеп алуды қамтамасыз етеді және СЭБК АД-ге жібереді.»;
1) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 3-тармағындағы 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;» ;
«30)«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген COVID-19-бен ауыратын науқастарға және олармен байланыста болған адамдарға «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген COVID-19-бен ауыратын науқастарды және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат (бұдан әрі – қолхат) бере отырып, қол қойғызып хабарлауды;»;
3) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 20-қосымшадағы I тарауының 2-тармағының 13) тармақшасы алынып тасталсын;
4) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 27-қосымшадағы 1-тармақ алынып тасталсын;
5) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 35-қосымшада COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхатыалынып тасталсын;
6) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 36-қосымшада Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде орындау туралы қолхаталынып тасталсын;
7) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 45-қосымшадағы 8-тармақ алынып тасталсын;
8) ҚР БМСД-ның № 38 қаулысына 45-қосымшадағы 9-тармақ алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы «20» қазандағы
№ 47 қаулысына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
|
№ |
Объектілер/салалар **** |
Жасыл аймақ |
Сары аймақ |
Қызыл аймақ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)* |
ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай |
ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай |
ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
|
Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) |
+ тәулік бойы |
+ тәулік бойы |
+ тәулік бойы |
|
|
Жазғы алаңдар |
+ |
+ |
+ |
|
|
Фуд-корттар |
ü толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
ü толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай |
ü толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай |
|
|
Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін) |
ü бір адамға кемінде 4 ш. м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде |
ü бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде |
ü бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде |
|
|
Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) |
ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай |
ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай |
ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай |
|
|
2. |
Сауналар, моншалар |
+ |
+ |
+ |
|
3. |
СПА-орталықтар |
+ |
+ |
+ |
|
4. |
Бассейндер |
+ |
+ |
+ |
|
5. |
Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда |
+ |
+ |
+ |
|
6. |
Мәдениет объектілері (дайындық) |
ü 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
ü 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
ü 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
|
7. |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * |
ü 50%-дан асырмай толтыру |
ü 40%-дан асырмай толтыру |
ü 30%-дан асырмай толтыру |
|
8. |
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар |
+ |
ü 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде |
ü 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
|
9. |
Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
|
10. |
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар |
+ |
ü 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде |
ü 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
|
11. |
Бильярд |
ü 50%-дан асырмай толтыру |
ü 50% - дан артық емес толтырылған кезде |
ü 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
|
12. |
Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда |
ü 60%-дан асырмай толтыру |
ü 50%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі |
ü 30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі |
|
13. |
Боулинг |
ü 50%-дан асырмай толтыру |
ü 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
ü 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
|
14. с |
Караоке |
ü 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде |
|
15. |
Океанариум |
ü Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) |
ü Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) |
ü Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) |
|
16. |
Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар) |
жеңілдіксіз |
жеңілдіксіз |
жеңілдіксіз |
|
17. |
Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары |
ü бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
ü бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
ü бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
|
18. |
Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары |
ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
|
Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары |
ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
|
ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
|
|
19. |
Цирктер |
ü 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
ü 40%-дан артық емес толтырылған кезде |
ü 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
|
20. |
Отельдер, қонақ үйлер |
+ |
+ |
+ |
|
21. |
Әуежайлар |
+ |
+ |
+ |
|
22. |
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері |
+ |
+ |
+ |
|
23. |
ХҚО |
+ |
+ |
+ |
|
24. |
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері |
+ |
+ |
+ |
|
25. |
Базарлар (жабық) |
+ |
+ |
+ |
|
26. |
Балаларды сауықтыру ұйымдары |
+ |
+ |
ü 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
|
27. |
Букмекерлік конторалар |
ü бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
ü бір адамға кемінде 4ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
ü бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
|
28. |
Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша) |
+ |
+ |
ü алдын ала жазылу бойынша |
|
29. |
Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал) |
+ |
+ |
+ |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«ü« - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70% - дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** – тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»;
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы «20» қазандағы
№ 47 қаулысына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 44 қаулысына
5-қосымша
«Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
|
№р/н |
Объектілер/сала **** |
Жасыл аймақ |
Сары аймақ |
Қызыл аймақ |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізу |
ü 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде |
|
2. |
Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар |
ü 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде |
|
3. |
Көрмелер |
ü толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 500 келушіден асырмай |
ü толтырылуын 70%-дан асырмай, бірақ бір мезетте 300 келушіден асырмай |
ü толтырылуын 70%-дан асырмаған жағдайда, бір мезетте 200 келушіден асырмай |
|
4. |
Марафондар (ашық ауада) |
ü 1000 адамнан асырмай |
ü 800 адамнан асырмай |
ü 500 адамнан асырмай |
|
5. |
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар |
ü толтырылуын 80%-дан асырмай |
ü толтырылуын 70%-дан асырмай |
ü толтырылуын 50%-дан асырмай |
|
6. |
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) |
ü толтырылуын 50%-дан асырмай |
ü толтырылуын 30%-дан асырмай |
ü толтырылуын 20%-дан асырмай |
|
7. |
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету) |
ü толтырылуын 50%-дан асырмай |
ü толтырылуын 30%-дан асырмай |
ü толтырылуын 20%-дан асырмай |
|
8. |
Ойын клубтары (казино) |
+ |
+ |
ü 50 адамнан асырмай |
|
9. |
Түнгі клубтар |
ü 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай толтырған кезде |
ü 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай толтырған кезде |
Согласовано
20.10.2021 15:57 Рахимжанова Марал Тлеулесовна
20.10.2021 16:02 Тилесова Айгуль Шарапатовна
20.10.2021 16:21 Хусаинова М. А. ((и.о Исабаева С.Б))
20.10.2021 16:35 Кожапова Роза Абзаловна
20.10.2021 18:56 Садвакасов Нуркан Олжабаевич
20.10.2021 19:11 Ахметова Зауре Далеловна
20.10.2021 20:03 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна
Подписано
20.10.2021 20:13 Киясов Ерлан Ансаганович