Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылдың І жарты жылдығы бойынша атқарған жұмысы туралы есебі

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 

         Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функция Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ережесінде көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету болып табылады.

         Аталған Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.

         Аудан әкімі аппараты орналасқан ғимараттың кіребірісінде, аудан әкімінің ресми сайтында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, оның функционалдық міндеттері және қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған (қабылдау күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін).

         Есептік кезеңде 19 мемлекеттік қызметші мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 13 мемлекеттік қызметкерге және 6 жеке тұлғаға  кеңес берілді. Қабылдауда болған азаматтар заң аясында тиісті жауаптарын алды.  Жазбаша өтініштер түскен жоқ.

         Мемлекет басшынының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, кеңес беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Алмалы ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимараттың бірінші қабатында кіреберісте «Ашық Алмалы» қоғамдық қабылдау кеңсесі  ашылып, жұмыс істеуде. Күнделікті  жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін  барлық жеке және заңды тұлғалар қолайлы жағдайда кеңестер алып, қажет жағдайда өтініштерін қалдыра алады.

         Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, әдеп номаларын бұзбау, жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша  қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында 3 жиналыс және 3 дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, аппарат қызметкерлеріне және бюджетті қалыптастыруға қатысатын қызметкерлерге олардың жауапкершілігі мен заң нормаларын түсіндіру мақсатында айына бір рет құқықтық оқулар өткізіледі, 2021 жылдың І жартыжылдығында 6 құқықтық оқу ұйымдастырылды. 

         Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

         Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алу бойынша шаралар қабылдап, жеке қабылдаулар өткізіледі.

         Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында  анонимдік сауалнама жүргізіледі. Бұндай сауалнамалар 2 рет өткізілді.

          Сауалнамаға барлық қызметкерлер қатысып, нәтижесінде аппараттағы жағдайдың қалыпты деңгейде екендігі анықталды.

Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының сайтына аппарат қызметкерлерінің Әдеп нормаларын сақтау және жұмыс тиімділігінің денгейін анықтау мақсатында онлайн сауалнама орналастырылды.  (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/survey/481?lang=ru).

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнай есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің базасынан аппарат қызметкерлерін әкімшілік құқық бұзушылықтар бар-жоқтығы бойынша 1 рет талдама жүргізілді. Жүргізілген талдама бойынша 13 аппарат қызметкеріне жол жүру ережесін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынғандығы анықталды.

Жол жүру ережесін бұзған аппарат қызметкерлерімен алдағы уақытта бұндай құқық бұзушылықтар жол бермеу және салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндіру шаралары жүргізілді.

23 маусым «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай  кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен аппарат қызметкерлерінің барлығына «Апорт» ойын-сауық орталығында орналасқан аквапарк «Гавайи және Майамиге» 2 адамға арналған сертификат берілді.

         Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттер бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдармен, өзара іс-қимыл және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен тығыз байланыста  кеңестер алып, жұмыс жүргіземіз.

 

 

        

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылдың І жарты жылдығы бойынша атқарған жұмысы туралы есебі
Дата публикации
07 сентября 2021