5 ақпандағы №17-5-Т, 2 сәуірдегі №17-5-1-Т және 2021 жылғы 28 сәуірдегі №17-5-2-Т тапсырмаларға сәйкес Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен 2020 жылғы 01 қаңтар мен 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі жеке білім беру ұйымдарының төтенше жағдай кезеңінде бюджет қаражатын қаржыландыру және мақсатты пайдалану негізділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Жүргізілген аудит барысында келесі бұзушылықтар анықталды:
1. Аудан әкімінің аппараты Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну кезінде бюджеттік өтінімге түсіндірме жазбада бюджеттік бағдарламаның мақсаты мен жоспарланған түпкілікті нәтижелері жоқ;
2. №195 Ереженің 24 тармағын бұза отырып, бюджеттік бағдарламаға «Балапан» бағдарламасы бойынша тәрбиеленушілер саны бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген.
Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясына жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы хат жолданды.