Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы 31-желтоқсаннан бастап қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын күшейтуге бағытталған қылмыстық сот төрелігінің үш буынды моделі іске асырылуда. Басты мақсат – заңның үстемдігін, әділдікті және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Модель барлық негізгі процессуалдық шешімдерді прокурордың, яғни тәуелсіз тараптың бекітуі мен келісуін білдіреді.
Жұмыс нәтижелері қылмыстық сот төрелігінің осы моделінің тиімділігі туралы көрсетіп отыр.
Мәселен, 2021-жылдың 6 айында Алмалы ауданында адамдарды қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту, соттармен ақтау, сондай-ақ соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеуге жіберу фактілеріне жол берілген жоқ. Жыл басынан бері аудан прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының 4 мыңнан астам негізгі процестік шешімі бекітіліп, келісілді. Бұл ретте 500-ден астам шешім келісу мен бекітуден бас тартылды, бұл прокуратура органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының негізсіз және заңсыз шешімдеріне уақтылы ден қоюын айғақтайды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.