2021 жылға арналған жұмыс жоспары

«Бюджетке қатысу»

Биыл «бюджетке қатысу» жобасы аясында тұрғындар дауысының ең көп санын жинаған 70 жобаны жүзеге асырамыз;

70 объектілердің (жобалардың) тізбесі

- 4 учаскені абаттандыру және көгалдандыру (Мұқанов-Құрманғазы, Мұқанов - Шевченко, Жароков - Қабанбай батыр, Курильская – Райымбек).

-  3 скверді абаттандыру және көгалдандыру (Аро, Байтұрсынов, Будан)

- Есентай жағалауын абаттандыру және көгалдандыру (Төле би көшесінен Мақатаев көшесіне дейін);

- скейт және вело-алаңдардың құрылысы (Төле би көшесі. қиылысы Варламов көшесі)

-  иттерді серуендетуге арналған 3 орын салу (Сайран, АРО, Мақатаев 130);

-  ҚТҚ үшін 6 тереңдетілген алаң салу;

-  19 көше бойына 1 610 қоқыс жәшігін орнату;

- 4 модульді дәретхананы орнату (Сайран, Каздрамтеатр, Сосновый, Қожамқұлов – Жамбыл);

-  3 алаңда резеңке жабынын жаңарту(Ганди, Төле би Розыбакиева, Ү. Алматы жағалауы);

-  Төле би көшесіндегі тротуарды қайта жаңарту;

- Прокофьев көшесі бойында металл нөсер торларын орнату;

-  24 аулаішілік аумақты ағымдағы жөндеу;

Аула аумақтарын жөндеу

Алмалы ауданының 66 ауласына күрделі жөндеу жүргіземіз;

Анықтама

Аудан аумағында 2016 жылдан 2020 жылға дейін 861 аула аумағы 698 аулаға жөндеу жүргізілді (2020 жылы –160 аула). Аула аумақтарында мемлекеттік актісі бар 55 аула жөндеуге жатпайды. Сондай-ақ, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу үшін бюджеттік өтінім берілген ескі тұрғын үйлердің 42 ауласы бар, бюджет қаражаты бөлінген жағдайда, ағымдағы жылы жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Инженерлік желілер

Ауданның 2 км. жылу желілерін, 250 м. су бұруды (кәріз), 71,4 км. кабель желілерін және 3,5 км. газ желілерін реконструкциялау жоспарланған;

Жол инфрақұрылымы

Жалпы ұзындығы 15 км болатын 12 көшенің бойындағы жол төсемін (орташа жөндеу) жаңартамыз.

Анықтама

  1. Сейфуллин даңғылы (Қазыбек би көшесінен Райымбек даңғылына дейін)
  2. Панфилов көшесі (Жібек Жолы көшесінен Молдағұловқа дейін)
  3. Әйтеке би көшесі (Айтиев көшесінен Шагабутдинов көшесіне дейін)
  4. Қарасай батыр көшесі (Розыбакиев көшесінен Варламов көшесіне дейін)
  5. Шәріпов көшесі (Бөгенбай батыр көшесінен Гоголь көшесіне дейін)
  6. Васнецов көшесі (Тілендиев көшесінен Кәрімов көшесіне дейін)
  7. Айманов көшесі (Жамбыл көшесінен Төле би көшесіне дейін)
  8. Варламов көшесі (Төлеби көшесінен тұйыққа дейін)
  9. Құлымбетов көшесі (Варламов көшесінен Верещагин көшесіне дейін)
  10. Байсейітова көшесі (Гоголь көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін)
  11. Қожамқұлов көшесі (Жамбыл көшесінен Райымбек даңғылына дейін)
  12. Құрманғазы көшесі (Мұқанов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін)

Райымбек-Розыбакиевтегі көлік айрығы жөнделеді;

4 қиылысты бағдаршаммен жабдықтаймыз (Бөгенбай батыр-Байзақов, Қабанбай батыр - Розыбакиев, Тілендиев-Қарасай батыр, Гагарин-Құрманғазы). Қиылыстардан басқа, 9 учаскені реттелетін жаяу жүргіншілер өтпесімен қауіпсіздендіреміз, олардың арасында Төле би – Варламов учаскелері бар, онда жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қолданыстағы өткелді және Назарбаев - Қарасай батырды жаңартуды сұрады, онда азаматтардың ұсыныстары бойынша (Абылай хан-Әлімжанов, Байсейітов-Құрманғазы, Байсейітов-Шевченко, Байсейітов-Қабанбай батыр, Байсейітов-Бөгенбай батыр, Байсейітов-Гоголь, Абылай хан-Әйтеке би).

6,6 км. тротуар желісін салып, ауданның 20 км. тротуарларын тиісті жағдайға келтіруді жоспарлап отырмыз;

33,9 км арық желілерін қайта жаңғыртамыз;

Көшені жарықтандыру

7 көшенің (Желтоқсан, Наурызбай батыр, Розыбакиев, Шевченко, Абай (Есентай өзенінен гр.дейін), Байтұрсынов, Манас) сыртқы жарықтандыруын жаңартамыз.

84 жарықтандырылмаған және ішінара жарықтандырылған жерлерде көше жарығын орнатамыз;

Білім

Осы жылы аяқталады

-  И. В. Панфилов атындағы №54 мектеп ғимаратын сейсмикалық нығайтумен күрделі жөндеу -   №16 балабақшаны сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу;

- №34 (600 орын) және №144 (300 орын)мектептерге жапсарлас құрылыстар салу;

-  МЖӘ шеңберінде №128 және №95 мектептердегі спорт кешенін салу;

- №15 мектептің сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлейміз

- №7 бөбекжай - балабақшасының ЖСҚ әзірлеу

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру:

Өткізіледі

- 15 тұрғын үйдің сегменттерін күрделі жөндеу және 39 көппәтерлі тұрғын үйдегі 105 лифтіні ауыстыру;

Әлеуметтік жобалар

Ашылады

- Брусиловский көшесі, 141 мекенжайында тағы бір бизнес инкубатор ашу арқылы «Бақытты Отбасы» орталығының қызметін кеңейту жоспарланған.

2021 жылға арналған жұмыс жоспары
Дата публикации
24 июня 2021