Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектеп, 20 колледж және А. Жұбанов атындағы музыка мектебі, К. Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты орналасқан.
Комиссияның жұмысы бойынша:
2020 жылдың 12 айында комиссия 24 отырыс өткізді, оның ішінде жоспар бойынша-7, түскен материалдар бойынша – 17.
Комиссияда ішкі істер органдарынан – 23, білім беру мекемелерінен - 3 материал келіп түсіп, қаралды. Қаралған іс-құжаттардың жалпы саны – 26, оның ішінде комиссияның шешімі бойынша:
- 11 іс-құжат профилактикалық жұмыстар бойынша қаралды;
- 10 іс-құжат ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша сотқа жолданды;
-1 іс-құжат аудандық қорғаншылық және қамқоршылық органына ата-ана құқықтарынан айыру туралы мәселені қарау бойынша қаралды;
- 4 кәмелетке толмаған бала одан әрі өмір сүру үшін мамандандырылған мекемелерге жіберілді;
- 1 кәмелетке толмаған бала мектепке орналастырылды.
2020 жылы Алмалы ауданы бойынша қамқорлықтағы балалар саны - 122. Ай сайын қорғаншылар (қамқоршылар) баланы асырауға – 10 АЕК мөлшерінде ақшалай қаражат алады. Сондай-ақ, ай сайын әлеуметтік педагогтар қамқорлықтағы балалардың өмір сүру жағдайларын тексеріп отырады. Оның ішінде патронат-13, жетім - 71, ата–анасының қамқорлығынсыз қалғандар –38, тастанды - 1.