Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектеп, 20 колледж және А. Жұбанов атындағы музыка мектебі, К. Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты орналасқан.
Комиссияның жұмысы бойынша:
2021 жылдың 3 айында Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия - 6 отырыс өткізді, оның ішінде жоспар бойынша - 3, келіп түскен материалдар бойынша – 4.
Комиссияда ішкі істер органдарынан – 2, білім беру мекемелерінен - 2 материал келіп түсіп, қаралды. Қаралған іс-құжаттардың жалпы саны – 4, оның ішінде комиссияның шешімі бойынша:
- 1 іс-құжат профилактикалық жұмыстар бойынша қаралды;
- 3 іс-құжат ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша сотқа жолданды;
Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу бағыты бойынша жұмыстар:
2021 жылы Алмалы ауданының аумағында кәмелетке толмағандар арасында тіркелген қылмыстар саны - 35 (47 – 2019 ж.).
|
жыл |
ҚР ҚК баптары |
|||||||||||
|
|
106
|
114 ч.3
|
188
|
187
|
194
|
190 |
191
|
192
|
296
|
200
|
293
|
всего |
|
2020 |
- |
1 |
3 |
3 |
- |
1 |
- |
- |
- |
- |
1 |
9 |
|
2021 |
- |
- |
- |
4 |
- |
- |
2 |
- |
- |
- |
- |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша қылмыстарды негізінен басқа қалалардын, Алматы облысының және Алматы қаласының басқа аудандарының кәмелетке толмағандар жасайтындығы анықталды.
Сондай - ақ, Алмалы ауданының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша аудандық білім беру және және ювеналды полиция бөлімдерімен бірлесіп – 7 кәмелетке толмағандар желісі бойынша алдын алу іс-шаралары: «Жасөспірім», «Жасөспірім және көше, мектеп», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және қауіпсіздік», «Демалыс», «Мен және менің полицейім», «Жақсылық әрбір адамға қол жетімді» атты өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда әртүрлі құқық бұзушылықтарды жасаудағы бұлтартпау шарасы және жергілікті өңдеу нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар анықталды және тіркелді - 624 (518 – 2020ж.), оның ішінде:
- Қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер жасағаны үшін - 6 (9 - 2020 ж.);
- Көшеде қаңғыбастықты жасағаны үшін – 25 (17 - 2020 ж.);
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - 593 (492 – 2020 ж.) кәмелетке толмағандар ұсталды.
2021 жылдың 3 айында жеке профилактикалық есепке – 37 (39 - 2020 ж.) кәмелетке толмаған бала қойылды. Кәмелетке толмаған 19 (63 – 2020 ж.) бала жеке профилактика есебінен алынды.
31.03.2021 жылға Алмалы ауданы ПБ ЖПҚБ ЖПҚБ жеке профилактика есебінде – 58 (79 – 2019 жыл) кәмелетке толмаған бала тұр.
2021 жылы аудандық білім бөлімімен және ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп мектептер мен оқу орындарында тұрақты негізде дөңгелек үстелдер, дәрістер, жалпыға бірдей құқықтық оқу, кездесулер, әңгімелесулер, сынып сағаттары және құқықтық тақырып бойынша – 244 (444-2020 ж.) іс – шаралар өткізілді.
Мысалы: Кәмелетке толмағандар желісі бойынша жергілікті жұмыспен өңдеу және алдын алу іс-шаралары: «Жасөспірім және көше», «Мектеп», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және қауіпсіздік». Мектеп инспекторының қатысуымен «Жол белгілері», «Өмір баға жетпес сый», Балада қалыптасып жатқан аутоагрессиялық үрдістерді ерте анықтау тәсілдері. Мектеп инспекторларының 5-7, 8-11 сынып оқушыларымен «Бейтаныс адамдармен көшеде өзін қалай ұстау керек» тақырыбына сұхбаттары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, мектеп инспекторының, әлеуметтік педагогтың, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен қауіпті учаскелерді анықтау үшін балалардың мектепке және үйге қайтуы бойынша рейдтер.
Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар желісі бойынша:
Алмалы аудандық ПБ-ның ЖПБ-нің және Қалалық наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету орталығы жеке профилактикалық есебінде – 2 кәмелетке толмаған бала тұр.
Алматы қаласы Білім басқармасының 07.10.2014 жылғы №376 бұйрығы негізінде Алмалы ауданында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық білімді насихаттау және есірткі заттарын тұтынудың алдын алу бағытында жұмыс істейтін 5 базалық мектеп (№№ 62,79,95,128,144) бекітілген.
Сондай-ақ, аудандық емханалармен және психиатр-нарколог дәрігерлермен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу, алкоголь және басқа да психобелсенді заттарды қолдану бойынша дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Оқушыларға арналған ZOOM форматындағы - 9 дәріс өткізілді (ЖБМ №58, 15, 90, 124, 67, 39, 34, 36, 46, 54, 24, 25, 55, 16, 96, 95, 120, 79, 147, 144, 135, 167), қамтылған кәмелеттке толмағандар саны – 1225;
Оқытушыларға арналған - 7 дәріс өткізілді (ЖБМ №58, 15, 90, 124, 67, 39, 36, 46, 24, 25, 55, 16, 96, 95, 120, 79, 167), қамтылған адам саны – 200;
Ата-аналарға арналған - 8 дәріс өткізілді (ЖБМ №39, 34, 36, 46, 24, 25, 16, 95, 120, 79, 75, 134, 136, 147, 144, 135, 167), қамтылған адам саны – 401;
Студенттерге арналған - 1 дәріс өткізілді (Алматы технологиялар және флористика колледжі, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі), қамтылған адам саны – 139;
- Алматы қаласы ПД-нің ЕБҚІҚ басқармасымен бірлесіп Алматы экономикалық коледжінің студенттеріне 1 семинар-тренинг өткізілді, қамтылған адам саны – 190.
Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар желісі бойынша:
2021 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілер бойынша – 3 құқық бұзушылық тіркелді.
2021 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандарға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерімен байланысты, қылмыс пен ұйымдасқан қылмыстық топтардың теріс әсерінен ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторларымен өзара іс-қимыл кезінде фактілерді анықтау бойынша ауданның оқу орындарының оқушыларында болуы мүмкін фактілер туралы ақпарат жинау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіледі.
Аудан мектептерінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша үнемі әңгімелер мен сынып сағаттары өткізіледі, заңнамалық актілер, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі мен ерте жүктілігінің алдын алу жөніндегі түрлі іс-шаралар қаралады. Ауданның барлық мектептері қамтылды.
Мысалы: сынып сағаттары «Өзіңді қорға!», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі, алаяқтық және ұрлық саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл».
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында сенім жәшігі орнатылды. Мекеме басшылары ай сайын келіп түскен хабарламаларды ашады, шешім қабылдайды және жұмыс жүргізеді.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында ювеналдық полиция қызметкерімен, сондай-ақ аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, отбасылық жанжалдаушыларды, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын теріс пайдаланатын, сондай-ақ бұрын сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды тексеру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, Алмалы ауданы ПБ-ның жол-патрульдік полициясымен және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп сексуалдық сипаттағы қылмыстардың алдын алу бойынша балалар көп шоғырланған жерлерде рейдтер жүргізілді.
Қылмыс жасалуы мүмкін орындар, тұрғын емес, салынып жатқан, салынып бітпеген ғимараттар, саябақтар, жертөлелер, шатырлар жол-патрульдік полициясының патрульдеу маршруттарына енгізілген. Тексеру барысында құрылысы тоқтатылған 7 аяқталмаған ғимарат анықталды, бірақ иелері нысандарды бақылауда, ашық жертөлелер мен шатырлар табылған жоқ.
Алмалы ауданының аумағында 29 жалпы білім беретін мектепте 301 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде ішкі бейнекамералар – 178, сыртқы камералар – 123.
Сондай-ақ, А.Қ. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатыны – 5 және К. Ахметов атындағы олимпияда резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына 24 бейнебақылау камералары орнатылған.
Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу және ескерту бойынша атқарылған жұмыстар бойынша:
2021 жылдың 3 айында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Аудандық білім бөлімімен және аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімшесімен бірлесіп, аудан аумағында орналасқан барлық мектептерде, колледждерде суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында оқушылардың психикалық денсаулығының жай-күйі мен психикалық даму ерекшеліктеріне диагностика жүргізілді, сондай-ақ оқушылармен - 60 әңгімелесу, сабақтар, ойындар, өмірлік жоспарларды іске асыруда мотивациялық саланы қалыптастыру бойынша онлайн режимінде тренингтер, мұғалімдер мен ата-аналарға қайғылы финалдың алдын алуға ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, жоғары сынып оқушылары арасында суицидтің алдын алу мақсатында мектеп қабырғасында фойеде психологиялық қызметтің сенім телефонының нөмірі бар плакат ілініп, «Сенім поштасы» жұмыс істейді. Мекеме басшылары ай сайын келіп түскен хабарламаларды ашады, шешім қабылдайды және жұмыс жүргізеді.
2021 жылдың 3 айында Алмалы ауданы бойынша 2 суицид фактісі тіркелді:
1 суицид әрекеттері;
1 өліммен аяқталған суицид.
Қолайсыз отбасылар желісі бойынша:
31.12.2021 жылы Алмалы ауданы ПБ ЮПБ-де профилактикалық есепте – 69 (60 – 2020 жыл) қолайсыз отбасы тұр, онда 115 бала тәрбиеленуде (70 – 2020 жыл).
Жергілікті өңдеу жұмыстары нәтижесі бойынша Алматы қ. «Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығына» - 31 (26-2020 жыл) кәмелетке толмаған бала орналастырылды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қадағалаусыз және құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жөніндегі жұмысты жетілдіру үшін Алмалы ауданының мектептерінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі штабтар жұмыс істейді. Штаб отырысы аптасына бір рет, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес бекітілген жоспар бойынша айына бір рет өткізіледі.