«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

14 мамыр 2021 жыл Алматы
I. Кіріспе бөлім
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мекеменің атауы: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Алмалы ауданы әкімінің 2021 жылғы 08 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №57 өкімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2020 жылдың шілде-қараша айлары аралығы.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметінің талданатын кезеңі: 2021 жылдың сәуір-мамыр айлары.
Аппарат қызметінің талданатын кезеңі: 2021 жылдың І-тоқсаны және 2020 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобының құрамымен жүргізілді:
Жұмыс тобының төрағасы:
Әбілқақова Күлия Кәбілмәлікқызы – аппарат басшысы.
Жұмыс тобының мүшелері:
Омаров Архат Мұхтарбекович – әкімнің орынбасары;
Хайруллин Ерден Рашитұлы – әкімнің орынбасары;
Бекжанова Айнұр Серікқызы – әкімнің орынбасары;
Ерхобаев Ринат Ришитұлы – ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Бөжеев Нұрлан Қайсарұлы – мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
Ұзақова Гүлмира Төкенқызы – қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы;
Остапенко Виктория Викторовна – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы;
Төлеген Әкімхан Әзімханұлы – көріктендіру бөлімінің басшысы;
Манапова Бану Бақдәулетқызы – әлеуметтік сала бөлімінің башысы;
Бердиев Мақсат Асқарұлы – кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімнің басшысы;
Қыдыров Мади Дулатұлы – коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы;
Мұстафа Абылайхан Раисұлы – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Қалимолдин Марат Мәутенұлы – «Алмалы Адалдық алаңы» жобасы бойынша Алмалы ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, Евразиялық технологиялық колледжінің директоры;
Әлбисенов Ерлан Ибрагимұлы – «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары;
Манапова Раушан Темірбекқызы – Алмалы ауданы әкімінің мүгедектер ісі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Алмалы ауданы мүгедектер қоғамының төрағасы;
Жұмыс тобының хатшысы:
Қайназарова Мөлдір Абдашимқызы – ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
ІІ. Сипаттама бөлігі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1. Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аппараттың ішкі нормативтік құжаттарына (құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерге және т.б.) сәйкес жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Алмалы ауданы әкімінің нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер – 1 (2020 жылы - 3), әкімшілік-басқару, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша – 48 (2020 жылы – 156) өкімі қабылдады.
Талдау барысында бөлімдер туралы ереже және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары зерттелді.
Талдау нәтижелері бойынша лауазымдық міндеттерінде әкім аппараты қызметкерлерінің ешқайсысына тауар жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету шарты бойынша өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілерге қатысты ден қою шараларын қабылдау туралы функциялар жүктелмегендігі анықталды.
Өз кезегінде бұл жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ықпал етеді.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту (жою) бойынша оларды жою жөніндегі ұсынымдар: 2021 жылғы 14 маусымға дейін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу мәселелеріне жетекшілік ететін бөлімдері туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, тауар жеткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету шарты бойынша өз міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілерге қатысты бақылау жүргізуге және ден қою шараларын қабылдауға жауапты лауазымды тұлғаларды айқындау қажет.
Талдау барысында әлеуметтік сала бөлімі туралы ереже және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары зерттелді.
Бөлімнің Ережесіне сәйкес әлеуметтік сала бөлімі аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз құзыреті шегінде заңдарды, Президент Жарлықтарын, ҚР Үкіметі қаулыларын, қала және аудан әкімдерінің құзыреті мәселелері бойынша шешімдері мен өкімдерін орындауды, оларды іске асыру жөнінде материалдар дайындауды жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі функцияларының бірі сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған, әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болды деп жарияланған кәмелетке толған азаматтарға қорғаншылық және қамқоршылық органы және жалғызбасты, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері мәселелері бойынша үйлестіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес «мемлекеттің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын» Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қамқорлыққа алынушының мүлкін басқару тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 128-бабының 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 Қаулысымен бекітілген қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекет функцияларын жүзеге асыру қағидасының (бұдан әрі-қағидалар) 6 – тармағына сәйкес «Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттің функцияларын білім беру мен денсаулық сақтаудың уәкілетті органдары арқылы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары (бұдан әрі – орган) арқылы жүзеге асырады».
Қағидалардың 9-тармағының 5-тармақшасына сәйкес, қорғаншылық және қамқоршылық органы жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында әділет органдарына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасауға тыйым салу туралы қорғау хатын жібереді.
Заңның жоғарыда аталған нормаларынан мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы қорғау хаты тек: 1) жылжымайтын мүлікке және 2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі мүлікке қатысты жіберілуі мүмкін.
Алайда, Заңның көрсетілген нормасынна «жылжымалы мүлік» деген сөздер енгізілмеген, өйткені жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар және автокөлік құралдары және т.б. жылжымалы мүлік деп танылады.
Сонымен қатар, бекітілген қағидалар жетім балалардың, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың мүдделері үшін ғана әзірленген, бұл ретте әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілмеген, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, «қорғаншылық немесе қамқоршылық сондай-ақ әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін тағайындалады».
Сондай-ақ, Ережеде іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қамқоршылық пен қорғаншылық белгілеу кезінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ұсынылатын құжаттардың толық тізбесі анықталмаған. Өз кезегінде көрсетілген мән-жайлар «артық» құжаттарды талап ету түрінде көрсетілген сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ықпал етеді, ал құжаттар тізбесі қағидалармен регламенттелмеген.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту (жою) бойынша оларды жою жөніндегі ұсынымдар: жетім балалардың, ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың, сондай-ақ әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында 2021 жылғы 14 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне хат жіберілсін.
2. Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Персоналды басқару, оның ішінде мемлекеттік қызметшінің ауысымдылығы:
Аппараттың штат саны 40 бірлік көлемінде белгіленді, оның ішінде: 1 – аудан әкімі, 3 – әкімнің орынбасары, 1– аппарат басшысы, 9 – бөлім басшысы, 25-бас маман.
Нақты саны:
2021 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша аппараттың нақты штат саны 34, бос лауазымдар -6 (бас маман - 6 бірлік).
Кадрлардың ауысуы:
Аппаратта ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында басқа мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты 1 қызметкер жұмыстан шығарылды, 2020 жылы 2 қызметкер қабылданды, басқа мемлекеттік органда мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты 2 қызметкер жұмыстан шығарылды.
Теріс себептермен жұмыстан шығарылғандар - жоқ.
2020 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет түскен 1 қызметкер.
Көрсетілген кезеңдегі таза ауысымдылық 0,0% - ды құрайды.
Қызметкерлерді басқа лауазымға ауыстырудың негізгі себептері тараптардың келісімі бойынша және қызметкердің бастамасы бойынша болып табылады.
Кадрлардың тұрақтамауын төмендету мақсатында әрбір қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі және жұмыстан шығу сұхбаты толтырылады, оның барысында жұмыстан шығу себептері айқындалады және басқа да мәселелер түсіндіріледі.
Қызметкерлердің жеке және кәсіби қасиеттерін арттыру мақсатында аппараттың мемлекеттік қызметшілері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жіберіледі. 2020 жылы 12 адам оқытудан және біліктілігін арттырудан өтті, оның ішінде 10 адам біліктілігін арттыру, 2 адам қайта даярлау курстарынан өтті. 2021 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтпеді.
Оқуды аяқтағаннан/біліктілігін арттырғаннан кейін қызметкерлерге сертификаттар беріледі, олар қызметкерлердің жеке істеріне тіркеледі.
Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден өтеді, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау жөніндегі жазбаша міндеттемелер ресімделеді және мемлекеттік қызмет өткеру кезеңінде пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қажеттігі туралы жазбаша хабарлама беріледі. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет кіргендердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Аппараттың сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, азаматтар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы хабарлай алатын сенім телефоны көрсетілген.
Тәртіптік жауапкершілік:
ҚР Еңбек кодексіне, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және өзге де құқықтық актілермен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында – 1 мемлекеттік қызметші, 2020 жылы – 7 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: ескертулер-4, сөгіс-4.
Оның ішінде қызметтік жазбалар негізінде – 1, прокурорлық қадағалау актісі негізінде-2, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым.
2020 жылы бірыңғай тәртіптік комиссияның ұсынысымен мемлекеттік қызметшілерден 2 тәртіптік жаза, оның ішінде 1 ескерту және 1 сөгіс алынды.
Талдау көрсеткендей, көп жағдайда мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тиісінше қарамағаны үшін немесе лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Материалдарды кез келген пайдалануға тек еренсілтеме болған кезде ғана жол беріледі.
Тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтармен қол қойғызып танысты.
Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту жоқ, сондай-ақ аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік сипаты белгіленбеді.
Осындай бұзушылықтардың алдын алу үшін аппаратта еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау мәселесі бойынша тұрақты түрде кеңестер өткізіледі, оның барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы және жол берілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ескертіледі.
Мүдделер қақтығысын реттеу:
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабын бұзуға жол бермеу мақсатында қызметшілердің және қызметкерлер мен жекжаттардың жеке істері зерделенді.
Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде ант беру мәтіні, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп нормаларымен танысу парақтары, шектеулер, жауапты лауазымды атқаратын адамдар алған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға тапсыру бойынша жадынама бар.
Аппаратта қызметке тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілер анықталмады.
Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Талдау көрсеткендей, қызметкерлердің барлық жеке істерінде сотталмағандығы туралы анықтамалар бар.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жүйелі түрде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Сайтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, азаматтар аппарат қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы хабарлай алатын сенім телефоны көрсетілген.
Ішкі талдау жүргізу барысында аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы жоқ.
Ұсыным: құқықтық жаппай оқыту аясында қызметкерлерге ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарын жеткізу қажет.
III. Мемлекеттік қызмет көрсету.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты тұрақты негізде (тоқсан сайын) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (МҚІА) есеп жолданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің аппараты 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның 1 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, қалған 10 азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміменде (АХАТ).
01.01-30.03.2021 жылғы жағдай бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен (АХАТ) – 4331 (2020 жылы – 15794) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның мемлекеттік органдардан – 346 (2020 жылы – 1466), Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) – 2947 (2020 жылы – 10390), электрондық портал арқылы – 1038 (2020 жылы – 3938).
Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы – 79 (2020 жылы – 316) спорттық разряд берілді.
Ішкі талдау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» №112 бұйрығымен бекітілген «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (бұдан әрі-Стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандартты Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 228-бабының 2-тармақшасына қайшы келетіндігі анықталды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы (апостиль қойылған/ заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілдегі аудармасы бар) қосымша ұсынуы қажет.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» №518 Кодексінің 228-бабының 2-тармақшасына сәйкес, егер шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарының түсіндірулеріне қарамастан, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді талап етсе, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тіркеледі.
Жоғарыда көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі қайшылықтар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тіркеуші органдарға кедергілердің туындауына ықпал етеді, өйткені көрсетілетін қызметті алушылар көбінесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы ұсынудан бас тартады.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту (жою) бойынша оларды жою жөніндегі ұсынымдар: ағымдағы жылдың 01 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, жоюды ұйымдастыру» Қағидаларының «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 228-бабының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтіндігі бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне хат жолдау.
IV. Рұқсат беру, бақылау-қадағалау функциялары
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №1/129 қаулысымен бекітілген «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру, сондай-ақ бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

V. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы:
01.01-31.03.2021 жылғы жағдай бойынша Алмалы ауданы әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы – 3658 (2020 жылы – 11359) құрады, оның ішінде заңды тұлғалар бойынша – 78 (2020 жылы – 472) және жеке тұлғалар бойынша – 402 (2020 жылы – 2220), қызметтік хат - хабарлар – 1598 (2020 жылы – 5327), бастамашылық хаттар – 1791 (2020 жылы – 3196).
2021 жылғы 1 қаңтарынан 31 наурызға дейінгі кезеңде Алмалы ауданы әкімінің web-сайтына барлығы – 438 (2020 жылы – 2707) өтініш түсті Алматы қаласы әкімінің әлеуметтік желілері – 405 (2020 жылы – 2630), «Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі" – 10 (2020 жылы – 65), Алмалы ауданы әкімі аппаратының Интернет ресурсы (сұрақ-жауап айдары) – 23 (2020 жылы – 12).
2020 жылы және 2021 жылдың бірінші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардың өтініш беру мерзімін бұзу фактілері анықталған жоқ, алайда өтінішті тиісінше қарамау, дәлелді жауабы жоқ және ҚР заңнамасының нормаларына сілтемелерсіз жауап беру фактілері анықталды.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына прокурорлық қадағалау актілері - 1, 2020 жылға-2.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2020 жылғы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасы -1.
Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2020 жылға -1 аудит жүргізілді.
Талдау тексеруді тағайындау негіздерінің бірі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ҚР Мемлекеттік туралы Заңнаманы бұзу болып табылатынын көрсетті.
Ұсыным: сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында және қызметкерлердің (қызметшілеріне) жеке қызығушылығының ықпалын болдырмау үшін тұрақты негізде аппарат қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын сақтауын түсіндіру қажет.
Аппарат қызметіне қатысты сот актілері қаралған жоқ.
БАҚ және өзге де ақпарат көздерінің мониторингі:
Аппарат қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде және басқа да интернет-ресурстарда қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу:
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер заңнамада белгіленген мерзімдерде енгізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен уақтылы шарттар жасалады. Мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Конкурс арқылы іріктеумен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуды өткізу процесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру мақсатында техникалық ерекшелікті алдын ала талқылау пайдаланылады, ол әлеуетті өнім берушілерге техникалық ерекшеліктің талаптарымен алдын ала танысуға мүмкіндік береді және олар бойынша ескертулер болған жағдайда оларды жою туралы Тапсырыс берушіге жүгінеді.
Аудит барысында «Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-нің тарапынан мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі бойынша ескертулер түскен жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алулар бойынша төмендегі сомалары мен саны өткізілді:
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бойынша 4 782,8 млн. теңгеге 103 сатып алу көзделген, оның ішінде 3101,9 млн. теңгеге 81 сатып алу өткізілді (64,9%);
- ашық конкурс тәсілімен 4 722.3 млн. теңгеге 73 сатып алу көзделген (64,9%);
- бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу жолымен 57,6 млн. теңгеге 28 сатып алу көзделген, оның ішінде 57,6 млн. теңгеге 28 сатып алу (100%) өткізілді.
Ұсыным: жалпыға бірдей құқықтық оқу шеңберінде қызметкерлерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» талаптарын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын тұрақты негізде түсіндіру қажет.
VI. Қорытынды бөлім.
Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту жөніндегі ұсыныстар:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмысты жалғастыруы қажет.
2. Ішкі талдау объектісіне талдау анықтамасына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
3. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады.
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері Аудан әкімі аппаратының интернет-сайтына орналастырылсын.


Жұмыс тобының төрайымы: К. Әбілқақова

Жұмыс тобының мүшелері: А. Омаров, А. Бекжанова,Е. Хайруллин,
Р. Ерхобаев, Н. Бөжеев, М. Бердиев, Г. Ұзакова,В. Остапенко, А. Төлеген, М. Манапова, М. Қыдыров, М. Қалимолдин, Е. Әлбисенов,
Р. Мамнанбаева

Жұмыс тобының хатшысы: М. Қайназарова

 

«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
07 июня 2021