Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2020 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі

Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі функция Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы Ережесінде көрсетілгендей, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша кеңестік көмек көрсету болып табылады.
Аталған Ереженің 9 тармағына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерді және өзге де тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады.
Аудан әкімі аппараты орналасқан ғимараттың кіребірісінде, аудан әкімінің ресми сайтында Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, оның функционалдық міндеттері және қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылған (қабылдау күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін).
Өткен 2020 жылы 43 мемлекеттік қызметші мен өзге де тұлғаларға, оның ішінде 35 мемлекеттік қызметкерге және 8 жеке тұлғаға кеңес берілді. Қабылдауда болған азаматтар заң аясында тиісті жауаптарын алды. Жазбаша өтініштер түскен жоқ.
Мемлекет басшынының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, кеңес беру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Алмалы ауданы әкімінің аппараты орналасқан ғимараттың бірінші қабатында кіреберісте «Ашық Алмалы» қоғамдық қабылдау кеңсесі ашылып, жұмыс істеуде. Күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін барлық жеке және заңды тұлғалар қолайлы жағдайда кеңестер алып, қажет жағдайда өтініштерін қалдыра алады.
2020 жылы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Ашық Алмалы» қоғамдық қабылдау кеңсесіне келген 302 азаматтың барлық өтініштеріне құзірет шеңберінде жауап берілді.
Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, әдеп номаларын бұзбау, жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында өткен жылы 3 жиналыс және 9 дәріс ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, аппарат қызметкерлеріне және бюджетті қалыптастыруға қатысатын қызметкерлерге олардың жауапкершілігі мен заң нормаларын түсіндіру мақсатында айына бір рет құқықтық оқулар өткізіледі, 2020 жылы 12 құқықтық оқу ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілерінің іс-әрекетіне қатысты жағымсыз жарияланымдар және жеке аккаунттарында фото, бейнематериалдар мен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін пікірлерді орналастыруды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Мониторинг барысында БАҚ-та теріс материалдар, мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін мемлекеттік қызметшілердің фото материалдары анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметтің имиджіне нұқсан келтіретін материалдарды орналастыруға жол бермеудің алдын алу бойынша шаралар қабылдап, жеке қабылдаулар өткізіледі.
Ұжымдағы моральдық-психологиялық климаттың жай-күйіне және қызметтік әдеп нормаларын сақталуына бақылау (мониторинг) жүргізу мақсатында тұрақты негізде аппарат қызметкерлері арасында анонимдік сауалнама жүргізіледі. Бұндай сауалнамалар жыл бойына 2 рет өткізілді.
Сауалнамаға барлық қызметкерлер қатысып, нәтижесінде аппараттағы жағдайдың қалыпты деңгейде екендігі анықталды.
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында аппарат қызметкерлеріне өткен жылы апта сайын жұма күні кешкі уақытта футбол, болейбол ойындары ұйымдастырылды.
Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесінде міндеттерін орындауда ерекшеленген 5 аппарат қызметкері Алматы қаласы әкімінің (А. Омаров, Ә. Төлеген, Р. Ерхобаев, Д. Кусбеков, М. Қыдыров) Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен аппарат қызметкерлерінің барлығына «Сегіз көл» демалыс аймағына 2 күнге арналған сертификат берілді, «Халықаралық балаларды қорғау күні», Жаңа жыл мерекелеріне орай аппарат қызметкерлерінің отбасыларына арналған сыйлықтар мен тәттілер салынған себеттер (корзина) таратылды.
Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген міндеттер бойынша тұрақты негізде уәкілетті органдармен, өзара іс-қимыл және қызметін үйлестіру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілімен тығыз байланыста кеңестер алып, жұмыс жүргіземіз.


Алмалы ауданы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі                                   К. Әбілқақова

 

Отчет о работе Уполномоченного по этике аппарата акима Алмалинского района города Алматы за 2020 года
Дата публикации
08 января 2021