Алматы қаласы 30 қараша 2020 жыл
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мекеменің атауы: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №59 өкімі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2020 жылдың шілде-қараша айлары аралығы.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметінің талданатын кезеңі: 2020 жылдың 2-ші жартыжылдығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппараттың функцияларын қозғайтын нормативтік – құқықтық актілер;
2) бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
4) мемлекеттік қызметшілердің ауысуы.