БЕКІТІЛДІ
Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2026 жылғы « » қаңтар
№ /к өкімі
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
коммуналдық шаруашылық бөлімі туралы ереже
1) Бөлім басшысы;
2) Бас инспектор;
3) Бас маман;
4) Бас маман.
1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;
2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;
3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;
5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;
6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.
7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.
1) кондоминиумдарды басқару органдарымен Қазақстан Республикасының заңдарына, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзара әрекет ету;
2) ішкі аула аумақтарын жинау сапасын бақылауды жүзеге асыру.
3) пәтерлерде, жалпы үй инженерлік желілерінде авариялық жағдайларды жою мақсатында кондоминиум басқармасындағы органдардың авариялық қызметтерінің жұмысын үйлестіру.
4) үйлердің жертөлелерінің, шатырларының жөндеу жұмыстарын қадағалау, мониторинг өткізу;
5) көп пәтерлі тұрғын үйлердің жылу, газ; электр, су құбыры-кәріз желілерінің ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарының орындалуы бойынша мониторинг жүргізу;
6) тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерді, аудандағы апаттық ескі түрғын үйлерді ағымдағы және күрделі жөндеу, лифт шаруашылығының техникалық жағдайы, тұрғын үйлер қорына кіре берістер мен жанама құрылысы бойынша талдау жасау;
7) тұрғын үй қорын түгендеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдылық даму басқармасымен, Тұрғын үй саясаты Басқармасымен, Алматы жылу жүйелері мекемесімен, «Алматы Су Холдингі» КМК, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (РЭС-1, РЭС-2), Алматыэнергосбыт, Алматытелеком, Алматы газ жүйелері, пәтер иелері кооперативтерімен өзара әрекет ету;
9) заңды құжаттары жоқ, уақытша орнатылған темір гараждарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізу;
10) қоқыс шығарушы ұйымдардың қатты-тұрмыстық қалдықтарды әкету жөніндегі көрсетілетін қызметтерінің барысы мен сапасына іс-шараларды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 729-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жаза қолдану жөніндегі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру.