Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі туралы ереже

БЕКІТІЛДІ

Алматы қаласы Алмалы ауданы

әкімінің 2026 жылғы «  » қаңтар 

№    /к өкімі

 

«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
  5. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 4 қызметкерден тұрады:

1) Бөлім басшысы;

2) Бас инспектор;

3) Бас маман;

4) Бас маман.

  1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің негізгі міндеттері,

функциялары мен құқықтары

  1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің міндеті:
  2. Білім беру, спорт, мәдениет саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, жоғары тұрған органдардың директивтік құжаттарын орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  3. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жүзеге асыру;
  4. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құқығы және міндеттері:

1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;

2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;

3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;

5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;

6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау;

 

  1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің функциялары:

1) ауданда мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, қала әкімдігімен өткізілетін мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

2) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді кеңейту және қолдану, жұмыс стилін мен әдістерін жақсарту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

3) тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, тіркеу, қорғау және пайдалану бойынша атқарылатын жұмыстарда көмектесу;

4) жаз мезігілінде балалар мен жас өспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

5) спортшыларға спорттық біліктілік санаттарын және спорттық разрядтарын беру бойынша қызметтерді көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын және әкімшілік рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етеді;

6) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету.

7) стратегиялық жоспарды, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру;

8) Алматы қаласының Мәдениет, Туризм және Спорт басқармаларымен, Алматы қаласының Мәслихатымен, аудандық білім бөлімімен, мәдениет мекемелері және шығармашылық, спорттық ұйымдармен және аула клубтарымен өзара әрекет ету;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жұмысын ұйымдастыру;

10) Ауданның ономастика және сыртқы жарнама мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асыру;

11) мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстардың орындалуы туралы электрондық есептерді қарауды жүзеге асыру;

12) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 729-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және әкімшілік жаза қолдану жөніндегі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі орынбасарының жұмысын ұйымдастыру.

  1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін ұйымдастыру
  2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  3. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  4. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  6. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі туралы ереже
Дата публикации
28 августа 2026