Қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ереже

БЕКІТІЛДІ

Алматы қаласы Алмалы ауданы

әкімінің 2024 жылғы «07» маусым 

№ 105/к өкімі

 

 «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Қаржы-шаруашылық бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
  4. Қаржы-шаруашылық бөлімі 5 қызметкерден тұрады:

1) Бөлім басшысы;

2) Бас инспектор;

3) Бас маман;

4) Бас маман;

5) Бас маман.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің мақсаты:
  • аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруалық қызметін қамтамасыз ету.
  • бөлінген бюджеттік қаражаттардың кассалық орындалуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  • "Халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;

2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;

3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;

5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;

6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің функциялары:
  • Тарифтеу анықтамасына негізделген және белгіленген штат санының шегінде аппарат қызметкерлерінің штаттық кестесін жоспарлау.
  • Аппарат қызметкерлеріне, әулеметтік және штаттан тыс қызметкерлерге еңбекақыны және материалдық көмекті, біржолғы әлеуметтік төлемдерді, атаулы әлеуметтік көмекті уақытылы аудару, сонымен қатар әкім аппаратын қажеті кеңсе тауарлары, оргтехникалар және өзге де материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
  • Аппарат және құрылымдық бөлімшелерге тиісті қаржылық кезеңіне бюджет жобасын әзірлеу.
  • Алдағы үш жылдық кезеңге болжам көрсеткіштерін әзірлеу.
  • Бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау.
  • Бөлінген бюджет қаражатының кассалық атқарылуын ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  • Нормативтік-құқықтық актілерді және заңнамаларды жүйелі түрде зерделеу.
  • мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және жүргізу.

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру

 

  1. Қаржы-шаруашылық бөлімі бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ереже
Дата публикации
28 августа 2026