«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» мемелекеттік коммуналдық мекемесінің қоғамдық даму бөлімі туралы ереже

БЕКІТІЛДІ

Алматы қаласы Алмалы ауданы

әкімінің 2026 жылғы «  » қаңтар

№    /к өкімі

 

«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты»

мемелекеттік коммуналдық мекемесінің

қоғамдық даму бөлімі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қоғамдық даму бөлімі ««Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Қоғамдық даму бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Қоғамдық даму бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласының әкімі бекітеді.
  4. Қоғамдық даму бөлімі 4 қызметкерден тұрады:

1) Бөлім басшысы;

2) Бас инспектор;

3) Бас маман;

4) Бас маман.

 

  1. Қоғамдық даму бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Қоғамдық даму бөлімінің міндеті:
  • әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және гендерлік саясат саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, жоғары тұрған органдардың директивтік құжаттарын орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде кері байланыс нысандарын жетілдіру және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін нығайту.

 

  1. Қоғамдық даму бөлімінің құқығы және міндеттері:

1) заңнамамен және Ережемен жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды басқа құрылымдық бөлімшелерден сұрату және алу;

2) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша қала, аудан әкімінің тапсырмаларын орындауға қажетті анықтамалар, ақпараттар, аналитикалық материалдар дайындау үшін барлық жетекшілік ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру және өзара әрекет ету;

3) бөлім өкілеттігіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдар, есептер дайындау;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру, қызметтік корреспонденцияны орындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру;

5) ҚР Конституциясын, Заңдарын, ҚР Президентінің актілерін, ҚР басқа да құқықтық-нормативтік актілерін бұлжытпай сақтай отырып, заңдық принциптерді басшылыққа алу;

6) ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтар мен міндеттерді іске асыру.

7) өтініштерді талдау және өтініш иелері көтерген жүйелі мәселелерді анықтау.

 

  1. Қоғамдық даму бөлімінің функциялары:

1) әлеуметтік және денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың директивті құжаттарын жүзеге асыру жөнінде материалдар дайындау, өз құзіреті аясында олардың орындалуына бақылау жасау;

2) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген азаматтардың еңбек өтілін белгілеу бойынша комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;

3) Алмалы ауданы әкімінің жанындағы әйелдер және отбасы демографиялық саясат істері бойынша комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

4) жедел әскери қызметке шақыру әскер жасындағы жастарды тіркеуді ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

5) әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру бойынша қызметтерді көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын және әкімшілік рәсімдерді сақтауды қамтамасыз ету;

6) жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жұмысын үйлестіру;

7) әлеуметтік инфрақұрылымның дамыуына жәрдемдесу;

8) гендерлік аспектілерді қарау;

9) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруды үйлестіру;

10) зейнеткерлік жастағы адамдардың, көп балалы адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі әлеуметтік жобаларды әзірлеу;

11)  әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті дамыту;

12) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Алмалы ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және олардың ісі жөніндегі жұмыс тобының жұмысын қамтамасыз ету;

13) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.

 

  1. Қоғамдық даму бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыру

 

  1. Қоғамдық даму бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді қызметіне Қазақстан Республикасындағы заңдар белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлімінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Бөлім басшысы аудан әкіміне бөлімнің штаттық саны және құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді.
  5. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімнің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» мемелекеттік коммуналдық мекемесінің қоғамдық даму бөлімі туралы ереже
Дата публикации
28 августа 2026