

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді; жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадалар мен аудан көлеміндегі басқа конкурстарды ұйымдастырады; аудандық білім беру ұйымдарының білім беру мониторингісін жүзеге асырады; аудандық білім беру ұйымдарының қамқоршылар кеңесіне, аудандық білім беру мекемелеріне әдістемелік көмек көрсетеді; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету; Алмалы аудандық білім бөліміне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасау; пәтерлерді сату және кепілге қою бойынша құжаттарды, зейнетақы қорында жинақ ақшасын төлеуге рұқсат беру бойынша құжаттарды рәсімдейді.
Ауданның білім беру ұйымдарының қызметін Алматы қаласы білім басқармасы жанындағы Алмалы ауданының білім бөлімі басқарады, мекенжайы: Бөгенбай батыр көшесі, 260 (№124 ЖББМ ғимаратында), РҚБ басшысы Доскеева Мираш Нургельдиевна тел. +7(708) 818 8831, E-mail: almaly@bilimbolimi.kz.
Сонымен қатар, білім беру мәселелері жөнінде Алматы қаласы, Алматы қ., Республика алаңы,4, мекенжайы бойынша орналасқан Алматы қаласының білім басқармасына хабарласуыңызға болады, байланыс телефондары 8(727)225-17-93, 8(727) 225-17-94; Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8(727) 225-18-00; E-mail: u.edu@almaty.gov.kz
Сайт - https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu?lang=kk