
Мемлекеттік қызметтің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту туралы
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің білуіне қажетті негізгі сапаларды атап өтті. Бұл – жоғары рухани жауапкершілік, кәсіптік білім, және-де оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясы. Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының барлық маңызын білуі тиіс, өз елінің патриоты болуы керек – және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қолдануы керек.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің позитивті имиджін қалыптастыру және күшейту болып келеді. 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту стратегиясындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі кәсіптік мемлекетті құру болып келеді. Мемлекеттің алдында тұрған жоғары кәсіптік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді жүзеге асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптігімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне ұсынылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінде көрсетілген, «мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет атынан аса сенім артуы деп есептеледі және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және рухани — этикалық бейнесіне жоғары талаптар ұсынады.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруды сапалы шешу — біз үнемі жұмыс істейтін күрделі мәселе екенін жақсы ұғынамыз.