Лого

Меню

Страницы

Статья

Требования безопасности к новогодним игрушкам и салютам, петардам

Жаңа жыл мен Рождество-барша халық асыға күтетін және барлығының ең сүйікті
мейрамдарының бірі. Жасыл сұлу шыршаның айналасындағы өткізілетін көңілді ойындар мен
сыйлықтар балалардың жадында ұзақ уақыт сақталады. Бірақ, мереке күндері үйде, серуендеуде
және қонақта қарапайым қауіпсіздік шараларын ұстанбаған жағдайда оларды күтпеген қауіпті
жағдайлар туындауы мүмкіндігін ұмытпағаныңыз жөн.
Жаңа жылдық мереке қарсаңында жыл сайын отшашудан ауыр механикалық және термиялық
жарақаттармен түсетін науқастар саны, әсіресе олардың арасында балалармен жасөспірімдер
көбейеді.
Сондықтан, өзіңіздің, туыстарыңыз бен жақындарыңызды жылдың басты мерекесіне
денсаулыққа нұқсан келтірмей қарсы алу үшін келесі қауіпсіздік талаптарын сақтауға ұсыныс
жасайды:
- шырша (табиғи, жасанды) жылыту құрылғыларынан мүмкіндігінше алыс, еңкейіп құлап
кетпес үшін тұғырға немесе құм шелегіне мықтап бекітілуі қажет, шырша бұтақтары
қабырғалар мен төбелерден кемінде 1 метр қашықтықта орналастырылғаны жөн;
- орман қонақтарын безендіру үшін тек зауытта жасалған жарамды гирляндтарды қолдануға
болады, егер сымдар немесе штепсель ақаулар болса, гирлянданы қолдануға жол бермеуге;
- Рождестволық ойыншықтарды, электр гирляндаларын дүкеннен сатып алу, яғни сапалық
сертификатын сұрай отыра және өнімнің зауытта жасалғанына, демек оның қауіпсіздігіне көз
жеткізуге;
- шыршаны балауыз шамдармен, қағаздан, дәкеден, мақтадан жасалған ойыншықтармен
безендіруге жол бермеуге;
- кішкентай балалар шыршаның жанында жалғыз қалмауға, шамдарды, сіріңкелерді,
оттықтарды қараусыз қалдырмауға.
Барлық пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолданбаған жағдайда өрт қаупін тудыруы
мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Кеден Одағының Техникалық Регламенттер 006/2011
«Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес пиротехникалық
бұйымдарды пайдалану процесіне мынадай қауіпсіздік талаптары қойылады:
- пиротехникалық бұйымдарды іске жарату пайдалану құжаттамасының талаптарына немесе
Кеден одағына мүше мемлекеттердің қолданыстағы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі
қағидаларына сәйкес айқындалатын өрт қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып әзірленген,
белгіленген тәртіппен бекітілген технологиялық нұсқаулықтарға (технологиялық процестерге)
сәйкес жүргізіледі. Пиротехникалық бұйымдарды мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді;
б) өндіріс жағдайында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану технологиялық операцияларды
орындау тәсілдерін, өрт қауіпсіздігін, жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның
сақталуын бақылау жөніндегі қажетті шараларды қамтитын технологиялық нұсқаулықтарға
(технологиялық процестерге) сәйкес жүзеге асырылады;
в) Белгіленген орында техникалық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға
байланысты отшашулар немесе өзге де ойын-сауық іс-шараларын жүргізуге Кеден одағына
мүше мемлекеттің заңнамасының талаптарына сәйкес қызметтің осы түріне рұқсаты бар заңды
тұлғалар алған жағдайда ғана рұқсат етіледі;
г) пиротехникалық бұйымдармен барлық жұмыстар осы пиротехникалық бұйымға және
қолданылатын жабдыққа арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жарамды
жабдықта жүргізіледі.
Есіңізде болсын, пиротехника балаларға ойыншық емес! Жұмыс істемеген
пиротехниканы жөндеуге және қайта пайдалануға болмайды. Қолдан жасалған пиротехникалық
құрылғыларды қолдануға қатаң тыйым салынады. Өнімді сатып алғанда, нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және қаптаманы тексеріңіз. Оның ойықтары, дымқыл дақтар немесе сұр жабын
түріндегі ақаулары болмауы керек.
Келесі жағдайларда тыйым салынады:
- тұрғын үйлер мен тез тұтанатын заттардан 30 метр қашықтықта ұйымдастыруға.
- пиротехниканы қалтаңызда алып жүруге.
- тұтану кезінде фитильді бетке жақын ұстауға.
- қатты желде пиротехниканы қолдануға.
- аяқтың астына отшашулар тұтатып ұстауға.
Фитильді жоғары қолдың ұзындығында ұстау керек. Есіңізде болсын, фитиль 3-5 секунд
жанып тұрады. Өрт қауіпсіздігі ережелері адамдардың бостандығы мен мерекеге құқығын
шектеу үшін емес, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жасалғанын есте ұстаған жөн.

Деніңіздің саулығы өз қолыңызда екендігін ұмытпаңыз!!!

Дата публикации
25 декабря 2023
Дата обновления
25 декабря 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы