Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау)- жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын өндірілетін өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді зертханалық зерттеулер мен сынауды қамтитын, адам мен қоршаған ортаға сәйкес қауіпсіздікті және зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені. Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігін және адамдарға зиянсыздығын қамтамасыз ету. «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2023 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ 62 бұйрығының 4 тарауының 14 тармақшасына сәйкес Өндірістік бақылау зертханалық-аспаптық зерттеулер мен сынақтарды пайдалана отырып мынадай объектілердің санаттарында жүргізіледі.
- Өнеркәсіптік және радиациялық гигиена объектілері (өндірістік және (немесе) радиациялық объектілер);
- Тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілері;
- Коммуналдық гигиена объектілері;
- Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар, жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары, апаттық медицина ұйымдары, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар, қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сот медицинасы және патологиялық-анатомиялық диагностика саласында қызмет көрсететін ұйымдар, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
- Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық құралдарды өндіру және (немесе) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызметтерді көрсету объектілері;
- Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернат ұйымдары, сауықтыру объектілері;
- Химиялық заттарды, агрохимикаттарды және пестицидтерді сақтау және пайдалану жөніндегі объектілер.
- Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көлік құралдары (теміржол, әуе): өндірістік бақылау сумен жабдықтауға, микроклиматқа, төсек-орын жабдықтарына, дезинфекциялық құралдарға жүзеге асырылады.
Өндірістік бақылау (өзін-өзі бақылау) жауапты лауазымды тұлға жеке кәсіпкердің және
(немесе) заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалады. Ағымдағы өндірістік бақылаудың уақытылығын, толықтығын және сенімділігін суъект қамтамасыз етеді.