
Жаз айларында адамдар демалыстарын табиғатқа шығып, су айдындарында, бассейндерде шомылумен өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда.Осы орайда, айта кетсек демалыс базалары мен орындары эпидемиялық маңызы жоғары объектілер болып есептеледі және меншік иелері қажетті зертханалық зерттеулерді алдын ала жүргізе отырып, объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндеттеледі. Аталған орындарды ұйымдастыратын субъектілер өз қызметінде ҚР ДСМ-ның 2022 жылғы 26 шілдедегі ҚР ДСМ №-67 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды басшылыққа алу ұсынылады.
Ал ашық су айдындары, өзен мен көлдердің жағасында қауіпсіз жазғы демалысты өткізкіңіз келсе, арнайы шомылуға рұқсат етілген ақпараты бар стендтер немес белгілер орнатылған жерлерде шомылған жөн.
Шомылуға ыңғайлы жағажай мен су айдындарын таңдағанда мына мәліметтерге назар аударыңыз.