Лого

Меню

Страницы

Статья

«Маникюр және педикюр жүргізуге қойылатын  қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар»

Маникюр — тырнақ пен қолға күтім жасау. Қазіргі таңда әйелдер мен қыздардың арасында маникюр қызметі сұранысқа ие. 
   Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдарын пайдалана отырып өңделеді. Маникюр, педикюр, косметикалық көрсетілетін қызметтерді жеке жинақтар (көрсетілетін косметикалық қызмет түрі бойынша) болған жағдайда жүргізеді. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі. 
       Тері, сілемейлі беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады. Маникюрге, педикюрге арналған құралдарды, сондай-ақ шығыс материалдарын кейіннен микроорганизмдермен екінші рет контаминацияны болдырмайтын жағдайларда сақтай отырып, бу, ауа немесе химиялық стерилдеу әдісімен стерильдейді. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы