
Мәдени-демалыс ұйымдары - күнделiктi көпшiлiктiң араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктерi, мәдениет үйлерi мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлерi) және басқалары), жеке адамды, көркемөнерпаз халық шығармашылығын дамыту орталықтары жатады.
Мәдени-демалыс ұйымдарының негiзгi мiндетi халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Мәдени-ойын-сауық объектілері пәтерлердің тұрғын үй-жайларынан шудан және дыбыстан оқшаулау сақталған жағдайда тұрғын ғимараттардың цокольдық және жерасты қабаттарында орналастырылады.
Мәдени-ойын-сауық объектілерінде өндіруші зауыттың нұсқаулығына сәйкес ауаны баптау жүйелеріндегі сүзгілерді ауыстыру уақтылы жүргізіледі. Жіті респираторлық аурулар және ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялар жағдайларын тіркеудің эпидемиялық маусымы кезеңінде мәдени-ойын-сауық объектілерінде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды (оның ішінде есік тұтқаларын, сүйеніштерді және тұтқаларды, креслолардың шынтақшаларын) ылғалды жинау жүргізіледі. Кинотеатрларда сеанстарының арасындағы үзілістерде кинозалдарды желдету қамтамасыз етіледі. Спорт залдарының едендері саңылаусыз болады және сырғанамайды, тегіс және тайғанамайтын беті болады, құрғақ және таза болады. Жаттығу қаптары, тұлыптар және тасымалданатын спорттық мүкәммал сабақ басталғанға дейін күніне бір рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, дымқыл шүберекпен сүртіледі. Жылу беру аспаптары торлармен немесе қалқандармен жабылады.