Лого

Меню

Страницы

Статья

Ретсіз сауда орындарында сатылатын тағам өнімдерінің қауіптілігі

       

      Әрқайсымызды өмірімізде бір рет болсын ретсіз сауданың төмен бағасы қызықтырған болар. Алайда, көпшілігіміз үйге барған соң алған өніміміздің сапасының нашарлығына көзіміз жетіп, көңіліміз қалып жатады. 

       Ретсіз сауда орындарында санитариялық талаптар бұзылып, белгісіз тауарлармен сауда жасалынады, сатылатын өнімдер қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжаттарсыз сатуға жол беріледі. Сонымен қатар, сауда орындарында көбінде көлік жолдарына жақын орналасады, сол себепті өнімдер тез шаң болып, көлік түтінімен ласатады.

      Аталған сауда орындарында сатылатын өнімдердің сапасына ешкім жауап бермейтіні бәріне белгілі, тұтынушылар болса денсаулықтарына қандай қауіп төнетінін мүлдем ойламайды.

       Ретсіз сауда орындарында өнімдерге қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар өрескел бұзылып сатылады. Атап айтқанда сатылатын тауарлар жерде, антисанитариялық жағдайларда сатылады, тез бұзылатын өнімдер мұздатқыштарда сақталмайды, сатушылар арнайы киім кимей, медициналық тексерістен өтпей жұмыс істейді. Сонымен қатар, тағам өнімдерін қандай жағдайда, кімдер дайындағаны туралы белгісіз. Аспаздар немесе сатушылар қандайда бір жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болуы мүмкін.  

       Көбінесе жұқпалы (инфекциялық) аурулар бойынша хабарлама келіп түскен кезде науқастар өз ауруларын сол ретсіз саудап орындарында сатып алған өнімдермен бйланыстырады.

       Мәселен балық пен ет өнімдері – сальмонеллез, бруцеллез, ауыр паразиттік ауруларына, саңырауқұлақтар мен үй жағдайында дайындалған консервілер  - ботулизмге, тез бұзылатын тағамдар (сүт өнімдері, кремді-кондитерлік өнімдер) – жедел ішек жұқпаларына және тағамнан улану жағдайларына әкеп соғуы мүмкін.

       Аталған себептерге байланысты өздерініздің және отбасыларыныздың денсаулығын сақтау мақсатында арнайы сауда орындарынан сауда жасауларынызды сұраймыз.

      

 

Дата публикации
14 июня 2023
Дата обновления
14 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы