
Аудан тұрғындарына таулы, табиғи аумақтарда болған кезде кенеден сақ болуы және кене шаққан кездегі кене энцефалиті ауруын алдын алу мақсатында, тұрғылықты мекен жайы бойынша медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы айтады. Денеңізде жабысқан кенені байқасаңыз және жақын маңда медициналық көрсету орталықтары болмаған жағдайда, майлы зат (сұйық май), оны іскек (пинцет) немесе қатты жіппен кене төменгі аяқтары мен адам денесі арасында ілгек қойып, жіптің соңын қайырып кенені жоғары тартып, жайлап алып тастаңыз. Аудан тұрғындары кене энцефалиті ауруын алдын алу мақсатында, кене тістеген жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет, ауданның ересек тұрғындары №7 ҚК ауруханасының және 14 жасқа дейінгі балалар №1 ҚКБ ауруханасының травматологиялық пунктіне қаралады, сол жерде ауруға қарсы иммуноглобулин егіледі, екпе ақысыз жүргізіледі. Кене шаққаннан зардап шеккен науқастарға диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда, жиырма бір күн ішінде жүргізеді.
Кене энцефалитіне қауіпті аумақта тұратын тұрғындар, сонымен қатар қауіпті аумақтарда келесі қызметтерді атқаратын адамдар, алдын алу мақсатында ауруға қарсы екпе (вакцинация) алғандары жөн:
- ауылшаруашылық, құрылыс, топырақты қазып алу және орнын ауыстыру, геологиялық .
- ағаш дайындау, орман тазалау және жайлау, сауықтыру аймағы және тұрғындар демалыс орнында;
- кене энцефалитіне эндемиялық аймаққа демалу, саяхаттау мақсатымен барған, саяжай бау-бақшаға жұмыс істеуге баратын адамдар.
Ол үшін тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша емханаға қаралу керек.
Келесі сақтандыру шараларын білу маңызды: қауіпті аймақтарда болғанда, спорт, жұмыс киіміңізді мұқият тексеріңіз, бастың шаш бөлігін жабыңыз, жұмыс киіміңіз бен денеңіздің ашық бөліктерін кезең бойынша қарап шығыңыз, денеңізде өрмелеп бара жатқан кенелерді алып тастаңыз (алайда оларды сығып өлтірмеңіз). Жұмыс аяқталған соң немесе үйге келгенде денеңізді мұқият тексеріңіз.