
Қазіргі қоғамда ұйымдасқан (қоғамдық) тамақтану жүйесі өсіп келе жатыр және маңызды эпидемиологиялық компоненті бар әлеуметтік маңызды қызмет болып қала береді.
Тамақтан улану – ауқымды және кең таралған аурулар тобы. Кез келген тамақтан уланудың тікелей себептері- санитарлық нормаларды сақтамау немесе белгілі бір түрдегі микроорганизмдермен жаппай көп болуы немесе құрамында ағзаға улы микробтық немесе микробтық емес заттар бар тағамдарды жеу.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында тамақ өнімдері мен ыдыстарды өндіру (дайындау), сақтау және өткізу процесінде олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сапасыздықтың айқын белгілері бар, ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе жарамдылық мерзімі өткен, заңда немесе нормативтік құжаттарда көзделген мәліметтерді қамтитын таңбасы жоқ тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдар айналымда бола алмайды.
Микробтық сипаттағы тамақтан уланудың алдын алудың басты ережелері- тағамның микроорганизмдермен ластануының алдын алу, микроорганизмдердің көбеюіне және тамақ өнімдерінде токсиндердің пайда болуына жол бермеу. Тамақ өнімдеріндегі микроорганизмдерді оларды аспаздық өңдеу процесінде жою, өнімдерді бастапқы өңдеуде санитарлық ережелерін қатаң сақтау, өндірістік процестің барлық кезеңдерінде және шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын тағамды тасымалдауда тоңазытқыш технологиясын кеңінен қолдану, өнімдер мен дайын тағамдарды сатудың белгіленген мерзімдерін және сақтау режимдерін қатаң қадағалау.
Тамақтан уланудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар тамақ кәсіпорындарында эпидемиялық жағдайдың туындауындағы жекелеген тамақ өнімдерінің рөлін ескере отырып құрылуы тиіс. Мұндай іс-шаралардың ішінде азық-түлік объектілерінің қызметкерлерін гигиеналық тәрбиелеу және халық арасында санитарлық насихаттау ерекше орын алады.
Есіңізде болсын! Азық-түлікті сақтау, аспаздық өңдеу және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтай отырып, сіз өзіңізді және жақындарыңызды тамақтан уланудан сақтай аласыз!