
Жер бетінде компьютерлік техниканың күннен-күнге шарықтап дамуына байланысты, кәзіргі кезде әрбір адамда ұялы телефон, ноутбок, планшет және үйде, кеңселерде, мекемелерде компьютер бары белгілі. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Компютерді немесе ұялы телефонды қолдану арқылы ғаламтор желісінен өзіңе керекті ақпараттардың бәрін ала-аласыз. Осы арқылы уақытымызды үнемдейміз. Сонымен қатар компютерлі техниканың тигізетін зиянды жақтары бар екенін кейбір адамдар білмейді. Сонымен қатар ұялы телефонды ересек адамдардан басқа мектеп жасындағы балаларда қолданады. Балалар өзімен қатарластарымен араласудан, ойнаудан қалады. Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Тіпті, ата-аналар емізулі нәрестелерін жұбату үшін, оларды ұялы телефонмен алдайды. Өз кезегінде бұл келеңсіз жағдайлар буыны қатпаған балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сол себепті, компютерлі техниканы қолдану кезінде адам денсаулығына залалын тигізетін қандай факторлар болатынын білуіміз артық болмас, яғни:
-көздің көру қабілетінің төмендеуі;
-омыртқалардың қисаюы;
-жүйкеге салмақтың түсуі;
-есту қабілетінің төмендеуі;
-шаршау мен әлсіздіктің болуы.
Ал осы компьютердің зиянды тұстарынан қалай қорғануға болады деген сауал туындайды.Компьютерден қорғану ережелері:
Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет. Жұмыс уақытында белді тік ұстау.
Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.
Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.
Денсаулық зор байлық демекші, өзімізге-өзіміз көңіл бөлейік.