Лого

Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үйлерге санитариялық-аулалық қондырғылар (септик ) бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Соңғы кездері қала тұрғындарынан нысан қызметін жүргізу, адам өмірінің тіршілігі барысында пайда болатын шайынды су, қалдықтардың қоршаған ортаны ластауына, жағымсыз иісіне түсірілген арыз-шағымдар жиілеуде.    Бұның өзі, шайынды, сарқынды су  қалдықтарын жинауға арналған шұңқырдың (немесе септик) толу шамасына қарай уақтылы тазаланбау, дезинфекцияланбау, жыл мезгілінің ыстық кезінде шыбын-шіркей мен жағымсыз иістің пайда болуына әкеп соқтырады.
Құрылыстың қай саласын алып қарасаңызда (жеке тұрғын үй, көп қабатты тұрғын үй, нысан ғимараты), жоспарлау кезінде басты сұрақтардың бірі ол кәрізжүйесіне қатысты мәселе болып қалуда.
Кәріз жүйесі дегеніміз-нысандардың қызметін жүргізу барысында немесе адам тіршілігінің шаруашылық-тұрмыстық шайынды және жаңбырлы сарқынды суларды шығаруға (ағызуға) арналған су бұру жүйесінің құрамдас бір бөлігі.
Бүгінгі таңда қала орталығындағы нысандар барлығы дерлік орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Заң талаптарына сай кәрізденбеген және ішінара кәрізденген жерлерде орналасқан нысандарға шайынды суларды жинау, уақтылы тазалау жүргізілетін, жабылатын жерасты су өткізбейтін  шұңқыр (септик) арқылы жүзеге  асыруға рұқсат беріледі.
Су бұру жүйесіне қосылмаған санитариялық-аулалық қондырғылар мен қоғамдық дәретханаларды кемінде 10 м болатын жеке үй иеліктерін (оның ішінде саяжай учаскілерін) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңдардан кемінде 25 м, құдықтар мен бұлақ көзінен кемінде 50 м қашықтыққа алшақтатады.
Нысандар мен  жеке тұрғын үйлердің орталықтандырылған кәріз жүйелеріне қосылуының қаланы абаттандыру мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыруда маңызы өте зор.

Дата публикации
05 апреля 2023
Дата обновления
05 апреля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы