Лого

Меню

Страницы

Статья

Қысқаша туберкулез ауруы туралы мәліметтер айта кетсек!!!

Туберкулез – бұл ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы - туберкулез микобактериясы. Негізінен,  адамдарда туберкулездің өкпелік түрінен зақымдану жиі кездеседі. Сондай-ақ өкпе туберкулезінен басқа, сүйек жүйесінің туберкулезі, құрсақ қуысы, көз туберкулезі, қолтық асты лимфа түйіндерінің туберкулезі, туберкулезді спондилит түрлері де бар.

Мамандар "Туберкулездің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Санитариялық қағидаларға сәйкес туберкулезді ерте анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығын білуіміз қажет екенін хабарлайды.

  1. 2 аптадан астам жөтел, әлсіздік, салмақтың төмендеуі, тершеңдік, кеудедегі ауырсыну, жалпы әлсіздік және тез шаршағыштық, дене температурасының ұзақ уақыт көтерілуі сиякты симптомдар пайда болған жағдайда тұрғылықты мекен-жай немесе  тіркелген жеріңіз  бойынша алғашқы медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажет.
  2. Жыл сайын аумақтық емханаға, оның ішінде тәуекел тобындағы адамдарға флюорологиялық тексеруден өту.

3.Туберкулезбен сырқаттанушылық анықталған жағдайда клиникалық-зертханалық зерттеулерден (шолу рентгенографиясы, компьютерлік томограмма, қақырық бактериоскопиясы) уақтылы өту қажет.

  1. Туберкулез ауруының алдын мақсатында перзентханаларда жаңа туған балаларға туылғаннан кейін ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес БЦЖ вакцинациясын жүргізеді.
  2. Тәуекел тобындағы 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулинодиагностика (Манту туберкулин сынамасы, рекомбинантты туберкулез аллергені бар сынама) жүргізіледі.

           Сондай-ақ  жоғарыда аталған белгілер пайда болған жағдайда,  туберкулезбен сырқаттанушылықты ерте анықтау және емдеу мақсатында Алматы қаласының барлық тұрғындарын уақтылы медициналық көмекке жүгінуге шақырамыз. Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаныз!!!!

 

 

 

Дата публикации
15 марта 2023
Дата обновления
15 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы