Лого

Меню

Страницы

Статья

Кене энцефалитті туралы не білу керек!!!

Кене энцефалиті - Кене энцефалитін жұқпалы ауруды жұқтырған иксод кенелері таратады, вирус кене шаққан кезде беріледі. Табиғи ошақтық вирустық ауру, орталық нерв жүйесін, тірек-қимыл аппаратын, теріні зақымдайды. Ауру жедел түрде басталады. Зақымдалу кезімен аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы 7 күннен бастап 14 күнге дейін созылады. Аурудың белгілері: дене қызуы 39-40о дейін көтеріледі, бұлшық еттер ауырады, жүрек айниды, ауру адам құса бастайды. Ауыр жағдайларда дененің жоғары бөліктері, йық пен мойынның салдануы мүмкін, бұл өз кезегінде мүгедектікке әкеліп соғады. Денеңізде жабысқан кенені байқасаңыз және жақын маңда медициналық көрсету орталықтары  болмаған жағдайда, майлы зат (сұйық май), оны іскек (пинцет) немесе қатты жіппен кене төменгі аяқтары мен адам денесі арасында ілгек қойып, жіптің соңын қайырып кенені жоғары тартып, жайлап алып  тастаңыз.

          Аудан тұрғындары кене энцефалиті ауруын алдын алу мақсатында, кене тістеген жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет, Алматы қаласы бойынша травматологиялық пункттер келесі ауруханада орналасқан:

-№7 қалалық климникалық ауруханасына, ересек тұрғындары қаралады.

-Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы, 14 жасқа дейінгі балалар.

           Сол жерде ауруға қарсы  иммуноглобулин егіледі, екпе ақысыз жүргізіледі. Кене шаққаннан зардап шеккен науқастарға диспансерлік бақылауды  тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда, жиырма бір күн ішінде жүргізеді.

         Кене энцефалитіне қауіпті аумақта тұратын тұрғындар, сонымен қатар қауіпті аумақтарда келесі қызметтерді атқаратын адамдар, алдын алу мақсатында ауруға  қарсы   екпе (вакцинация) алғандары жөн:

- ауылшаруашылық, құрылыс, топырақты қазып алу және орнын ауыстыру, геологиялық . 

- ағаш дайындау, орман тазалау және жайлау, сауықтыру аймағы және тұрғындар демалыс орнында;

- кене энцефалитіне эндемиялық  аймаққа демалу, саяхаттану мақсатымен барған, саяжай бау-бақшаға жұмыс істеуге баратын адамдар.

      Алдын алу мақсатында, егер сіз кенелер мекендейтін қауіпті аумақтарда болсаңыз, табиғатта болған кезде әр 1-2 сағат сайын және кенелерді анықтау үшін үйге қайта қорғаныс арқылы міндетті тексеруден өту керек екенін білуіңіз керек.

      Табиғатқа барған кезде барлық қонақтар мен тұрғындарды кене шағып алмау үшін барлық сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.

 

 

Дата публикации
13 марта 2023
Дата обновления
13 марта 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы