
Заңсыз және жабайы сауда орындары – гигиеналық нормаларды бұза отырып, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары жоқ, шығу тегі белгісіз және сапасына кепілдік берілмеген азық-түлік өнімдерін жерден, шелектен, сынған жәшіктен, көлік өткелін бөгейтін орындарда және жол жиектерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында, ұқсас тауарларды сату бойынша мамандандырылған базарларға кіре берістерде тамақ өнімдерін сату жүзеге асырылады.
Құс еті, сүт және сүт өнімдері, отандық жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдері ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз және ілеспе құжаттарсыз сатылады. Жабайы сауда қала тұрғындарын тағамнан улану және адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың таралуына байланысты үлкен эпизоотиялық қауіп төндіреді.
Алматы қаласы Алатау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы кез-келген тауарды жабайы сауда көзінен сатып алмас бұрын, ондағы барлық азық-түлік өнімдері көшеде антисанитариялық жағдайда «жерде» сатылатынына, сүт бұрын қолданылған пластик бөтелкелерде сатылатынына, тез бұзылатын азық-түлік өнімдерінің арнайы тоңазытқыштарда емес далада сақталатынына, сатушылар сауданы арнайы киімсіз және медициналық тексеруден өтпейтіндігіне назар аударуларыңызды сұрайды. Бұл ретте сатушылардың ешқайсысы сатылып жатқан өнімнің сапасына жауап бермейтіндігін ұмытпағаныңыз жөн.
Жабайы сауда орындарының көпшілігі көлік магистральдарының жанында орналасқан және тауарлар шаңмен, автомобильдерден бөлінетін газдармен ластанған.
Инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу кезінде науқастар жиі жабайы сауда орындарында жеке тұлғалардан сатып алынған өнімді пайдаланумен байланыстырады. Әрине, жабайы сауда орындары сатып алушыларды салыстырмалы түрде арзан бағамен қызықтырады. Жабайы сауда орындарынан үнемдеу мақсатында, дүкеннен арзанырақ өнім сатып алу арқылы денсаулығынызға зиян келтіре отырып дәрі-дәрмектерге бірнеше есе көп ақша жұмсайтыныңызды ұмытпаған жөн.
Алматы қаласы Алатау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы кез-келген тауарды жабайы сауда көзінен сатып алмас бұрын, ондағы барлық азық-түлік өнімдері көшеде антисанитариялық жағдайда «жерде» сатылатынына, сүт бұрын қолданылған пластик бөтелкелерде сатылатынына, тез бұзылатын азық-түлік өнімдерінің арнайы тоңазытқыштарда емес далада сақталатынына, сатушылар сауданы арнайы киімсіз және медициналық тексеруден өтпейтіндігіне назар аударуларыңызды сұрайды. Бұл ретте сатушылардың ешқайсысы сатылып жатқан өнімнің сапасына жауап бермейтіндігін ұмытпағаныңыз жөн.
Сол себепті, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы естен шығармауларыңызды сұраймыз.