
Құтыру-бұл жұқтырған жануардың шағуынан кейін пайда болатын, жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен жүретін және әдетте өліммен аяқталатын жедел жұқпалы ауру. «Аса қаупті инфекциялық аурулардың алдын-алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргузуіге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2021 жылғы 12 қарашадағы №114 бұйрығына сәйкес:
Адамдарды немесе жануарларды тістеп алған иттер мен мысықтарды иесі немесе қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жөніндегі арнайы топ 10 (он) күнтізбелік күн ішінде оқшаулау және ветеринариялық мамандардың бақылауы үшін жақын жердегі ветеринариялық емдеу ұйымына дереу жеткізеді. Ауданда қызмет көрсететін ветеринар оқшауланған жануарларды бақылайды.
Құрметті Алатау ауданының тұрғындары, егерде сізде үй жануарлары бар болса жоғарыдағы көрсетілген ережелерін сақтауға міндеттісіз. Үй жануарларыңызды құтыру ауруына қарсы уақытылы егілуін ветеринариялық клиникада жүргізуіңіз қажет.