Лого

Меню

Страницы

Статья

"Қонақүй қызметін көрсететін обьектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар"

Бүгінгі таңда қонақүй туризмнің маңызды саласы болып табылады. Әрбір қонақ үйдің тікелей мақсаты- тұтынушыларды лайықты жайлы бөлмелерде  орналастыру. Қонақүйлерді, хостелдерді бөлек тұрған ғимараттарда, жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастырылады. Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі. Қонақүйлердің ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған кезде сору сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.

Сонымен қатар, қонақүй қызметін көрсететін объектілерге барған кезде, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың дұрыс жүргізілгендігіне көңіл бөлген жөн. Қонақүйлердің бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындар күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізілуі керек. Кілем бұйымдарының шаңы қағылып, жұмсақ жиһаздар тазартылып, ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделуі тиіс. Дәретханалардың унитаздары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылып жуылады. Төсек жабындыларын, сүлгі және оларды ауыстыру реті қонақүйлер сервис деңгейіне, жабдықталуына байланысты анықталады. Хостелдерде әр тұратын адамға төсек-орын жиыны, сүлгі көзделеді. Пайдаланылған төсек-орын жабдығы пакеттерге (қапшықтарға) жиналады, таза төсек-орын жабдықтарын ашық күйде тасымалдау жүргізілмейді.

Қонақүйлер мен демалыс орындарында санитариялық талаптар  дұрыс сақталмаған жағдайда жұқпалы аурулар таралуы мүмкін, яғни битшеңдік және қышыма т.б.

Дата публикации
17 февраля 2023
Дата обновления
17 февраля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы