
Кір жуу және химиялық тазалау орындары көпфункционалды және тұрғын үйлерде орналасқан кезде: ластанған ауаның түсуін болдырмау үшін оларға, қабатаралық жабындылар будан, жылудан, ылғалдылық және шудан оқшаулауды қамтамасыз етеді, сорып-шығаратын желдету жүйесі жалпы сорып шығаратын желдету жүйесінен бөлек орнатылады, Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді. Таза және лас киім-кешекті тасуға арналған легендер, арбалар таңбаланады және мақсаты бойынша пайдаланылады. Таза киім-кешек пен бұйымдарды тасымалдау қаптамаланған түрде жүзеге асырылады. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады. Қолдануға рұқсат етілген химиялық және жуу құралдары пайдаланылады. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.Қолдануға рұқсат етілген химиялық және жуу құралдары пайдаланылады.