Лого

Меню

Страницы

Статья

Моншалар мен сауналарға санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар бойынша қойылатын талаптар.

         Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасы, телефон желісі арқылы тұрғындардан анонимді  шағымдар көп түсуіне байланысты моншалар мен сауналарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларының талаптарын тағы да түсіндіріп кетуді   жөн көріп отыр. 

     Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде қабатаралық  жабындар  будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.  Монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекұралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Моншаларда сору-сыртқы тарату желдеткіші көзделеді. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.                           Моншалар мен сауналарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған шкаф орнатылады, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер пайдаланылады. 

      Булау бөлмесінде түпкіліктер  пайдаланылуға жол берілмейді. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендермен жабдықталады.  Моншалар мен сауналардың үй-жайларында тазалық сақталу қажет яғни  суды бұру қолданылған тораптары бітеліп қалмауымен бірге, еденде лас су жиналмау керек. Жуынып-шайыну залдарының едендерін тазалау және жуу күн сайын,  қажеттілігіне қарай жүргізіледі. 

        Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дизинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім жуылады және кептіріледі. Легендерді өңдеу үшін дизинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Жуынуға арналған легендер дезинфекциялау ерітіндісіне толық батырылып дизинфекцияланады және сумен шайылады.

        Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды, мүкәммаларды және жабдықтарды жинау, жуу және дизинфекциялау жүргізіледі. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен сауналардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.  Монша мен сауналардың жуыну және себезгі үй-жайларында кір жууға және кептіруге,  моншаны        пайдалануға қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтау жүргізілмейді. Жарақаттану мен жазатайым жағдайлардың алдын алу мақсатында үй-жайлардың әрлеудегі ақаулары (сынған жапсырма плиткалар, линолеум, жабындылар мен жабдықтардың тұтастығы бұзылғанда) уақтылы жөнделуге жатады.

Дата публикации
20 ноября 2022
Дата обновления
20 ноября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы