Лого

Меню

Страницы

Статья

Санитариялық дәрігерлердің жаңа жыл мейрам алдындағы кеңесі.

      

Мейрамдар, оның ішінде жаңа жыл мерекесінде барлық үй иелері және қоғамдық тамақтану орындарының аспазшылары әртүрлі дәмді тағамдар дайындауды әдетке айналғанын жақсы білеміз.  Алайда, мейрамның бірнеше күніне  жететін  көп мөлшерде тағамды  дайындай  жүріп, ұзақ  сақталған тамақтың денсаулыққа кері әсерін тигізетінін ұмытпайық. Көбінде, тамақтан улану жағдайы  мейрамның үшінші күндерінде  дереу  артады, оның себебі тоңазытқышта екі-үш  күннен артық сақталған,  мейрамға дайындалып және сақталған қалдық тағамдарды қолдану болып табылады. Әсіресе, тағамнан улануды  арттыратын тез бұзылатын тамақ өнімдері тобына жататын  ет, балық өнімдері және майонезбен әрленген салаттар екенін ескертеміз. Және де осы топқа жататын десерттер, май және қаймақ кремдерімен әрленген торттарды да айта кеткен дұрыс. Бұл өнімдер улануды тудыратын таяқшалардың  тез  көбеюіне өте ыңғайлы орта болып табылады. Осындай тағамдардың, әсіресе, майонезбен әрленген  салаттардың тоңазытқышта сақталуы 24 сағаттан  аспауы тиіс. Егер салаттар  әрленбеген болса, оның  тоңазытқышта сақталуын 2 тәулікке дейін ұзартуға болады. Алайда,  ет, шұжық, жұмыртқа қосылған күрделі салаттарға қатысты емес, күрделі салаттарды әрленбеген күннің өзінде, тоңазытқышта сақталуын бір күннен  асырмау қажет. Дүкендерден майонез және қаймақпен әрленген, өлшеніп сатылатын салаттар жиі сатылып  алынады. Осыған орай Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары келесі кеңестерді береді;

  • Біріншіден тағам өнімдерін сатып алу барысында оның сыртқы бүтіндігіне, өндірілген күні және сақтау жағдайына көңіл бөлген жөн;
  • Екіншіден майонез бен қаймақ қосылған салаттар сақталу мерзімі   ұзақ  сақталуына   байланысты, ауру тудыратын таяқшалардың кешені болып табылады.
  • Үшіншіден сауда орындарында тез бұзылатын өнімдер мен тағамдарды сатып алатын кезде оның салдары туралы ойлаған жөн.

      Сондықтан, тамақ дайындауға көбірек уақыт бөле отырып,  өз жанұяңызды денсаулығы  үшін, балғын және қауіпсіз тағамдар қолдануға ұсыныс жасаймыз.

Дата публикации
21 декабря 2022
Дата обновления
21 декабря 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы