
Бизнес өкілдерінің назарына!
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында – «Біз бизнестің адал әрі заңға сәйкес жүргізілетініне сенеміз. Бизнес өкілдері тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс Бизнес өкілдері санитарлық-эпидемиологиялық саладағы нормалар мен ережелерді бұзатын болса, ондай компаниялар жабылып, иелері жауапкершілікке тартылады
деп атап көрсетті. Әрбір азаматтың жеке кәсіп ашып, кәсібін жүргізу үшін барынша жағдай жасалған.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 9 бабына сәйкес, Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі құзыретінің бірі 5 тармақта көрсетілгендей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Аталған Кодекстің 36-бабының 3 тармағында Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері (эпидемиялық мәні бар объектілер) екі топқа бөлінді:
1) эпидемиялық мәні жоғары объектілер;
2) эпидемиялық мәні болмашы объектілер.
Осы орайда, Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген.
Эпидемиялық мәні жоғары объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды дегеніміз мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында мынандай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. Міндетіміз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту деді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын жаңғырту процесінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының арасында, клиентке бағдарлану қағидаты кірген өзара қарым-қатынастардың жаңа форматына өту жүзеге асырылуда. Біз үшін әр азамат өзін сенімді әрі нық сезінуі маңызды.
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі және қорытындыны ала алады.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» Заңына сәйкес, эпидемиялық мәні болмашы объектілер қызметінің басталғаны немесе тоқталғаны бойынша хабарламалар жібереді. Сондай-ақ, хабарламалар «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.