
АЛАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Құрметті Алатау ауданының тұрғындары!
2022 жылдың 7 айы бойынша Алатау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Аудан 23 шағын ауданнан тұрады, жалпы жер аумағы
10 495 гектар. Халық саны 318 000 аса адамды құрайды.
Алатау ауданы құрылған 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.
Бүгінгі таңда Алатау ауданы Алматы қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына айтарлықтай үлес қосуда.
Барлық әлеуметтік-экономикалық салаларда көрсеткіштердің қарқынды өсуі байқалады.
Нақты айтқанда, тек салық түсімдері 7 есе өсті, ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында салық түсімдері өткен жылмен салыстырғанда 127,7% - ға өсті (35,4 млрд.теңге).
Экономика
2022 жылдың 7 айында Алатау ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке 35,4 млрд.теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 17,4 млрд.теңге, жергілікті бюджетке – 17,9 млрд.теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 52,4 млрд. теңгені құрады.
Жыл басынан бері 3516 жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспардың орындалуы 84,6 % көрсеткішке қол жеткізді.
Индустриялық аймақ басты өнеркәсіптік әлеует болып табылады.
Бүгінде жалпы сомасы 114,7 млрд.теңгені құрайтын 2688 жұмыс орнын құру арқылы 19 жоба іске асырылды, 519,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді.
(«BRB APK», «Almapack», «DOC Co.LTD», «TOKYO ROPE ALMATY», «KMK Investment», «KazTigerTape», «ЭНКО», «ASSET», «Техновид», «МПЗ Бижан», «ДорХан-Алматы», «Алмерек», «Hyundai Trans Kazakhstan», «СК Рахат» «Г.С.Г. Высотник», «KMK Investment второй этап» , «Asia steel pipe corporation», және 3 өндірістіп парк «ADS Industries», «KazStroyTrade», «ALAESTATE»)
Өткен жылды атап өтсек, 2021 жылы 48,3 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылды, 749 жаңа жұмыс орны құрылды.
(«СК Рахат» «Г.С.Г. Высотник», «KMK Investment второй этап» , «Asia steel pipe corporation», және 3 өндірістіп парк «ADS Industries», «KazStroyTrade», «ALAESTATE»)
2022 жылдың соңына дейін 276 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 10,1 млрд. теңгеге тағы 6 жобаны іске асыру жоспарлануда («Каз-Диа-Тест», «City Stone», «Электробар», «Valtherm», «Story Production», «TEPLOSTIL»).
Тағы да бір басты перспективалық жобалардың бірі өнеркәсіптік парктерді дамыту болып табылады.
Биылғы жылы 370 - тен астам жұмыс орнын құрумен, 15 480 ш.м. құрайтын өндірістік үй-жайларды пайдалануға берумен 3 өнеркәсіптік парктерді іске қосу жоспарлануда. Инвестиция сомасы 1,6 млрд.теңге.
Әлеуметтік сала және жұмыспен қамту
Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмекті жалпы соммасы 428,8 млн. теңгені құрайтын 1578 отбасы алады, тұрғын үй көмегін 7,1 млн. теңге көлемінде 279 отбасы алды.
2021-2025 жж. арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында 8010 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 196 адам, қоғамдық жұмыс орындарына 1835 адам, жастар практикасына 159 адам, 400 АЕК көлемінде гранттар 7 адамға және тұрақты жұмыс орындары 1056 адамға берілді.
2022 жылдың басынан «TAU - Шаңырақ» қорының қолдауымен 1000-нан астам әлеуметтік осал отбасылар, «Unicef» қоры тарапынан 55 отбасы азық-түлік жиынтығымен, 50 отбасы түрлі киім-кешек түрлерімен қамтамасыз етілді.
Аталған орталықтар аналарға, балаларға, зейнеткерлерге консультациялық және ресурстық қолдау көрсетеді, базалық тренингтер өткізеді, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдерге тігін ісі, косметологиялық қызметтер, компьютерлік сауаттылық және тағы басқалар оқытылады, ал аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға музыка мен өнер, би және түрлі аспаптарда ойнау үйретіледі.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша Томирис ш/а белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізілуде.
Денсаулық сақтау
Ауданда 5 мемлекеттік және 3 жеке меншік медициналық мекеме жұмыс істейді. Барлығы 247 818 адам тіркелген.
Сапалы медициналық қызмет көрсету және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында 5 дәрігерлік амбулатория жұмыс атқаруда ("Ақбұлақ", "Томирис", "Түркістан", "Шапағат", "Рахат-Мәдениет").
Шағын ауданда медициналық қызметтердің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Қарасу» және «Саялы» шаңынаудандарында заманауи дәрігерлік амбулаториялар салуды жоспарлап отырмыз, 600 млн. теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді. Бүгінде аталған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Құрылыс жұмыстры ағымдағы жылдың 4-тоқсанында басталып, 2023 жылы аяқталады.
Сонымен қатар, "Нұркент" шағын ауданында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығы ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Білім беру
Ауданда 28 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, барлығы 48 771 оқушы білім алуда.
2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа 5935 оқушы тіркелді, оның ішінде қазақ сыныбына 4 793 оқушы, орыс сыныбына 1142 оқушы қабылданды. Жеке мектептерде 709 бала білім алуда, 140 бала 1-сыныпқа қабылданды.
Қазіргі таңда жаңадан пайдалануға берілген №204 және №205 мектептерінің құқықтық құжаттары дайындалуда.
Бүгінгі күні барлық білім беру мекемелерінде жылу беру маусымына дайындық және ағымдағы жөндеу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ, № 166 лицейде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
МЖӘ аясында "Дархан", "Нұркент", "Мәдениет" шағын аудандарында 1500 орындық 3 мектеп салынуда. Аяқтау мерзімі 2022 жылдың қараша айында жоспарланып отыр.
Салынып жатқан 3 мектептен басқа, «Саялы- 2» және «Зерделі» шағынаудандарда 550 орындық 2 мектеп салуды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ, ауданымызда 20 мемлекеттік және 161 жекеменшік балабақша жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Алматы қаласы Құрылыс басқармасы тарапынан "Саялы-2" шағын ауданында 160 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде.
Спорт және мәдениет
Ағымдағы жылы Нұркент шағын ауданында үстел теннисі орталығы ашылды. Орталықтың негізгі залы - 20, жаттығу залы - 8 теннис үстелімен жабдықталған. Залда көрермендерге арналған 328 орын бар.
Ауданымызда 2020-2021 жылдары салынған футбол алаңдарында арнайы жаттықтырушылар тарапынан тегін жаттығулар өткізіледі.
Сонымен қатар, спорт және мәдениет бағыттары бойынша тегін оқытатын 9 аула клубтары жұмыс істейді.
Сондай-ақ, "Alatau creative hub" мәдени-білім беру орталығы балаларды тегін үйірмелерге қабылдайды.
Ағымдағы жылы Алатау ауданы әкімінің аппаратымен аудан тұрғындары үшін спорттық және шығармашылық үйірмелерін ашу үшін жер телімімен бірге бұрынғы мәдениет үйінің ғимаратын сатып алу мәселесі қаралды. Бүгінгі күні меншік иесімен ғимаратты сатып алу үшін құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимаратты сатып алғаннан кейін Алматы қаласының тиісті басқармаларымен бірлесіп үйірмелер ашу жоспарлануда.
«Шыңға өрлеу» және «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік орталықтары базасында бірлескен үйірмелер ашу мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ, Алматы қаласы Құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша Нұркент ш/а мектеп жасына дейінгі балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының, жабық және ашық корттары бар теннис орталығының, Зерделі ш/а дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Жол құрылысы.
Алатау ауданындағы жолдардың жалпы ұзындығы 706 км құрайды, оның 583,6 км (82,6 %) асфальт жабынымен толығымен қамтылған.
2021 ж. бастап "Алғабас" шағын ауданында жалпы ұзындығы 31,8 км болатын жаңа жол құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар 2022 жылға ауданның 47 көшесіне (оның ішінде тұйық көшелері бар 7 шағын аудан) жалпы ұзындығы 53,3 км құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде.
30 көшеде ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Инженерлік желілер
Бүгінгі таңда 6 шағын ауданда (Шапағат, Қарасу, Алғабас, Әйгерім-1,2, Шаңырақ-1, Боралдай) жалпы ұзындығы 207 км (су – 116,6 км, кәріз – 90,3 км) инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Инженерлік желілердің құрылысы аяқталған көшелерде асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта "Ақбұлақ" (28,74 км), "Өжет" (83,41 км) және "Самғау" (37,46 км) шағын аудандары бойынша салынған инженерлік желілерді пайдалануға беру жүзеге асырылуда
Сондай-ақ, ағымдағы жылы "Теректі" шағын ауданында 44 км сумен жабдықтау және 32 км кәріз желілерінің құрылысы жоспарланған.
Құрылыс.
Ағымдағы жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін 116,703 мың м2 болатын КПТҮ пайдалануға берілді, пәтерлер саны-929.
2022 жылы жеке инвестиция есебінен 13 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде ("Алатау сити", "Shahar City", "O-JET", "Болашақ", "Ақкент", "Северный", "Достық", "Асыл үй", "Софья, Qargaly City", "Каспий", "Теректі", " Titul Town.)
Сондай-ақ, 7000 келушіге арналған мешіт құрылысы және "Мақсат Мед" медициналық орталығының құрылысы жүргізілуде. Толық аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
Көше жарық шамдары
Қазіргі уақытта Алатау ауданының жарықтандырылуы 85% жетті, яғни 620 көше. Жарық нүктелерінің саны- 38 105 дананы құрайды.
2020 жылы 413 көшеге 19 471 жарық диодты шам орнатылды. 2022 жылы қосымша 515 көшеге жарық шамдарын орнату жоспарлануда.
Көріктендіру
Су басудың алдын-алу мақсатында, Жасыл экономика басқармасы тарапынан жыл басынан бері Ақбұлақ, Қарасу, Өжет, Шапағат, Шаңырақ-1,2, Ұлжан-1, Самғау, Көк Қайнар, Байбесік,Дархан, Әйгерім шағын аудандарында жалпы ұзындығы 51 км болатын 69 көше бойынша арық желілерінің құрылысын жүргізуде.
Сондай-ақ, ТЖ жою шеңберінде арық желілерін ағымдағы жөндеу және Ақбұлақ, Шаңырақ-2, Әйгерім, 13-14 аумақ, Қарасу, Боралдай, Зерделі, Ұлжан шағын аудандарындағы 12 мекен-жай бойынша коллекторлық арналарды тазарту жұмыстары жоспарлануда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіледі.
Сонымен қатар, 53 аула аумағын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Алматы қаласының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында біздің тарапымыздан Зерделі ш/а 63 үйінің қасбеттерін ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарды 2022 жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда
Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Ұлжан, Шаңырақ-2, Нұркент, Алғабас шағын аудандарының жасыл аймақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні "Бюджетке қатысу" бағдарламасы қарқынды түре жүзеге асырылуда, онда әрбір тұрғын өз жобаларын ұсына алады.
2020 жылы бағдарлама аясында қала тұрғындарынан 99 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне сәйкес 31 жоба жүзеге асырылды.
2021 жылы "2021-2022 ж.ж. Халық қатысатын бюджет " бағдарламасы аясында 175 жоба келіп түсті, оның ішінде қала тұрғындарының дауыс беруімен 1,8 млрд.теңге соммасына 36 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, Сонымен қатар, 36 жобаның 24-і бос жерлерде жаңа кеңістіктер құруды көздейтінін атап өткім келеді. Бұл балалар ойын алаңдары, воркауттар мен спорт кешендері, жаяу жүргіншілер мен жасыл аймақтар. Сондай-ақ, жобаларды таңдау кезінде біз әр шағын ауданды қамтитын қоғамдық кеңістікті ескердік.
Сондай-ақ, магистралды көшелер бойындағы (Рысқұлов даңғылы, Момышұлы көшесі) жасыл аймақты тиімді ұстау үшін автоматты суару жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы бір саябақ пен екі логты көріктендіру жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Жобаларда тротуар плиталарын төсеу, жаңа жарықтандыру, балалар алаңдарын, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, пирстерді жайластыру жұмыстары қарастырылған. ҚМЖ өткізудің жоспарланған мерзімі 2023 жылдың соңына дейін.
Мен өз баяндамамда Алатау ауданында 2022 жылдың 7 айындағы негізгі жетістіктер мен атқарылып жатқан жұмыстарды атап өттім.
Барлық басталған жұмыстар сапалы әрі бекітілген мерзімде аяқталатын болады.
Назарларыңызға рахмет!