Лого

Меню

Страницы

Статья

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің «қызмет бағыты»

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің «қызмет бағыты»

  • Қазақстан Республикасының заңнамаларын зерделеп жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, мәслихат пен қала әкімдігінің, қала және аудан әкімдерінің актілерін орындалуын қамтамасыз ету.
  • Бөлімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр саясаты мәселелері бойынша жүзеге асыру.
  • Аудан әкімі мен оның орынбасарларының мәжілістерін ұйымдастыру.
  • Қала және аудан әкімінің актілері мен хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, материалдарды дайындау.
  • Аудан әкімінің халықпен есеп беру кездесулерін ұйымдастыру және өткізу, тиісті хаттамаларды рәсімдеу және олардың қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарын дайындау.
  • Бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі мен оның орынбасарларының азаматтармен жеке қабылдауын жүргізу.
  • Әкімнің, әкім орынбасарларының және аппараттың қызметіндегі құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
  • Аудан әкімі аппаратына келіп түскен "қызметтік пайдалану үшін" белгісі бар құжаттарды қарау бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қараудың белгіленген тәртібінің орындалуын және қатаң сақталуын бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
  • Құпия хат-хабарлардың өтуін және қаралуын есепке алуды қамтамасыз ету.
  • Сайлау өткізу кезінде ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету, мәслихат шешімімен комиссия құрамына енгізу және шығару туралы мәселелерді қарау жолымен ауданда учаскелік комиссия құру.
  • Аудан әкімінің істер номенклатурасын жасау, оны Алматы қаласының мәдениет басқармасымен келісу.
  • Ведомстволық мұрағатты жүргізу, ведомстволық мұрағаттан құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және беруді жүзеге асыру.
  • Қала және аудан әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың дайындығын қамтамасыз ету.
  • Аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, аппарат басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке құрам және негізгі қызмет бойынша аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және кадрлық мәселелерді дайындау және тіркеу.
  • Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің демалыс кестесін құру.
  • Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты" КММ жанындағы зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлердің жеке істерін ресімдеу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  • Қызметкерлердің еңбек қызметі туралы анықтама беруді жүзеге асыру.
  • Еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру, жұмыс өтілінің есебін жүргізу.
  • Тәртіптік комиссияның отырыстарына лауазымдық жалақы алуға құқық беретін стажын есептеу, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау, "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның, тәлімгерлер кеңесінің құжаттарын ұйымдастыру және дайындау.
  • Кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асыру.
  • Ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы статистикалық есептерді жасау.

 

 

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы