Лого

Меню

Страницы

Статья

Адам ағзасына фастфудтың зияны !

                                Адам ағзасына фастфудтың зияны !

       Фастфуд немесе" жылдам тамақ " – бұл тез дайындалатын тағам, оны тұтынушы тез және ыңғайлы түрде жей алады.

       Фастфуд әртүрлі жас топтары арасында танымалдылыққа ие. Кейбір адамдар фастфудты жегенде, оның өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмейді. Ата-аналар балаларына гамбургер мен піскен қытырлақ картопты сатып алады, содан кейін балалардың денсаулығына қатысты бірқатар мәселелерге тап болады, соның ішінде :

  • Тұздың жоғары мөлшері. Тұз көп мөлшерде жүрекке, бүйрекке өте зиянды. Біздің денемізге өте аз мөлшерде тұз қажет, артық мөлшері денеге зиян тигізеді.
  • Жоғары калория. Фастфуд құрамында май мен қанттың көп болуына байланысты өте калориялы. Бос калориялардың көп мөлшері семіздікке және ас қорыту жүйесінің проблемаларына әкеледі. Майлы, тез дайындалатын тағам бауыр мен ұйқы безіне теріс әсер етеді.
  • Тәуелділік. Фастфуд алкоголь немесе никотин сияқты тәуелділікті тудыруы мүмкін.

     Фастфудты  дәрумендерге бай жемістермен немесе көкөністермен алмастыру әлдеқайда пайдалы. Үйде дайындалған тағамнан пайдалы ештеңе жоқ, майлы тағамдар мен калориялы тағамдардан бас тартуға тырысыңыз және дұрыс тамақтану әдісін ұстаныңыз, сонда ғана сіз өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтай аласыз.

Дата публикации
11 ноября 2022
Дата обновления
11 ноября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
09 июля 2026
Курултай 2026
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы