«Алатау – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2020 жылдың 10 айында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында іске асырылуы бойынша
ақпарат
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2020 жылдың 10 айында келесі жұмыстар жүргізілді.
1-тармақ бойынша:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау талаптарын және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы бөлім басшылары мен аппарат мамандарының назарына жеткізу мақсатында 2020 жылғы 21 мамырда Алатау ауданы әкімінің төрағалығымен, әкім орынбасарларының, аппарат басшысы мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді.
2-тармақ бойынша:
«Өзіңнен баста» республикалық акциясының аясында Алатау ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында аппараттың басшы құрамының табыстары жарияланды.
3-тармақ бойынша:
2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұратұлы Таумұраттың, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары Талғат Мамырбекұлы Башевтің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу басқармасының басшысы Дулат Алматұлы Мадияровтың, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы Қалдыбековтің, әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Күн тәртібі: 1. Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері туралы; 2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістері.
2020 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.С. Әділбек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының ұжымына профилактикалық дәріс өткізді, онда елімізге сыбайлас жемқорлықтан болатын жағымсыз салдарлар айтылып, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының құқықтық және әлеуметтік салдары туралы мәселелер көтерілді.
4-тармақ бойынша:
Алатау ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу жоспарларының тізілімінде бюджет қаражатын жоспарлау және игеру туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша жұмыстардың құнын, өнім берушінің атауы жазыла отырып жасалған шарттың сомасын көрсете отырып, бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жоспарланатын және іске асырылатын іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылады,
Сондай-ақ, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» ресми сайтында бюджет туралы ақпарат жарияланды. Азаматтардың жобалық ұсыныстарын бағалайтын сараптамалық кеңестің құрамы құрылып, бекітілді. Аудан тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қабылдау және қарау интернет портал (https:/ibudget.open-almaty.kzl) арқылы жүзеге асырылады. Алматы қаласы бюджетінің мақсаты Алматы қаласы Алатау ауданы азаматтарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде Алматы қаласы аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру болып табылады.
5-тармақ бойынша:
«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі «Алатау – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д. Таумұраттың және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты И. Смирнованың қатысуымен әкім апараты ғимаратында фронт-кеңсенің (бұдан әрі - фронт-кеңсе) ашылуы өтті.
6-тармақ бойынша:
Сыбайлас жемқорлықтың үздіксіз және кедергісіз алдын алуға, on-line форматында халықпен тікелей байланыс жасауға бағытталған «Antikor. Live» жобасының шеңберінде Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Қайратұлы Тоқтасынов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы баяндады, сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Елнар Тоқтабайұлы Игіліковтің және желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.
7-тармақ бойынша:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ Алатау ауданы әкімінің 2020 жылғы 03 маусымдағы № 91Р «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің негізінде 2020 жылғы 01 шілде мен 10 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Аппараттың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. 2020 жылдың 1 жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастырылды.
8-тармақ бойынша:
Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы аппарат қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау тұрғысында бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға мониторинг жүргізді. Зерттеу кезеңінде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
9-тармақ бойынша:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша «сенім телефонының» жұмыс істеуі жөніндегі ақпарат аппараттың интернет-ресурсында және аппарат ғимаратындағы ақпараттық стендтерде орналастырылған.
10-тармақ бойынша:
Аппараттың қаржы-шаруашылық бөлімі басшысының берген ақпаратына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі және өнім берушімен қандай да бір байланыс болмайды.
Осы бағыттағы жұмыстар 2020 жылдың соңына дейін тұрақты негізде жалғасатын болады және бақылауымызда.