«Сальмонеллез инфекциясының алдын-алу»

Құрметті Алатау ауданының тұрғындары!

   

    Сальмонеллез- бұл адамдарға ғана емес, жануарларғада әсер ететін сальмонелла бактериялары тудыратын инфекция.

    Сальмонеллез инфекциясы- фекальды-оральды жолмен берілетін, диарея (іш өту), құсу, интоксикациямен сипатталатын инфекциялық ауру. Жұқпа көзі - ауру адам немесе қоздырғышты тасымалдаушы. Аурудың жасырын кезеңі 7 күнді құрайды.      

   Аурудың алдын алу жолдары:

-жеке гигиена ережелерін сақтау, тағам ішердің алдында және дәретханадан шыққаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

-тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

-жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдалану алдында жақсылап жуу;

-тамаққа термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдалану;

-тез бұзылатын тағам өнімдерін салқын жерде сақтау, жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді пайдаланбау;

 

Дата публикации
03 июля 2024